Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнаманы бұзғаны үшін адвокаттар  лицензияларынан айырылды

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнаманы бұзғаны үшін адвокаттар лицензияларынан айырылды

 Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары өз құзыреті шегінде адвокаттар көрсететін заң қызметіне үнемі бақылау жүргізеді.

 Осы жұмыс шеңберінде Ақтөбе облысының адвокаттар алқасы адвокаттарының азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуде қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері, ал мұқтаж азаматтардың оларды алу  құқығынан айырылғандығы  анықталды. Осыған орай, ҚР Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша сот мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнаманы бұзғаны үшін Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының үш адвокатының  лицензияларының күшін тоқтатты. Сонымен бірге, Ақтөбе облысының адвокаттарының Қазақстан Республикасы заңдарын бұзу фактілері  бірегей емес, жүйелі сипатқа ие.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы ғана адвокат бола алады. Бірақ, адвокат В.И. Якубенко Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, мемлекет кепілдік берген заң  көмегін көрсету жүйесіне қатысқаны және бюджеттен 5 миллион теңге көлемінде төлем алғаны анықталды. Көрсетілген бұзушылықтар үшін адвокат В.И. Якубенко айыппұл түрінде сотпен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының күші тоқтатылды. Бұл құқықбұзушылықтар Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының Президиумының төрайымы Р. Якубенконың жұмысты дұрыс ұйымдастырмауы және адвокаттардың қызметіне бақылауды тиісті деңгейде жүргізбеуі және жұбайы В. Якубенконың бюджет қаражатын алу туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны салдарынан болған.

 Сонымен қатар, адвокат өзінің кәсіби қызметінде құқық пен заңға қызмет етудегі өзінің миссиясын сезінуге, құқық үстемдігі принциптерінің тәжірибеде  іске асырылуы мен орнығуына және заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына ықпал етуге тиіс.

Адвокаттың мінез құлқы заң көмегін көрсетумен қатар тұрмыста және жеке өмірде де заңның талаптарына және адамгершілік принциптеріне сай келуі  тиіс. Біздің ойымызша, Р.И. Якубенконың іс-әрекеттері адвокатура институтына деген қоғамның сеніміне, жалпы адвокат кәсібінің беделіне нұқсан келтіреді. Министрлік адвокаттар алқасының қызметін үйлестіруші ретінде Республикалық адвокаттар алқасы Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрайымы Р. Якубенконың жауапкершілігі туралы мәселені РАА Президиумының жақын арада өткізілетін отырысында қарастыру қажет деп пайымдайды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.