ҚР Мемлекеттік басқару академиясының  Білім беру бағдарламаларын іске асыру және  ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Айгерім Әбілованың,  07.11.2018ж. брифингтегі сөз сөйлеу тезистері

ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Айгерім Әбілованың, 07.11.2018ж. брифингтегі сөз сөйлеу тезистері

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік аппараттың негізгі бағыттары мен басымдықтары анықталған болатын, атап айтсақ:

-      Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру;

-      Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту;

-      Өздеріне нақты міндеттемелер алуға  және солар үшін жария түрде есеп беруге тиіс министрлер мен әкімдерге шешім қабылдау еркіндігін ұсыну.

Осы міндеттерді орындау мемлекеттік органдардың жұмысындағы тәсілдерді өзгертуді талап етеді. Қазір Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі серпінді өзгермелі әлемдік трендтерге трансформациялану мен бейімделудің маңызды кезеңін өткеруде. ЭЫДҰ классификациясы бойынша мемлекеттік аппаратты дамытудың үш кезеңі бар: кәсіби, стратегиялық және инновациялық. ЭЫДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша қазіргі таңда Қазақстандағы мемлекеттік қызмет стратегиялық элементімен кәсіби ретінде бағалануда. Сәйкесінше, кәсібиден бастап стратегиялық және одан әрі инновациялық мемлекеттік аппаратқа көшу жаңа құрылым басшысының негізгі сипаттамаларын қалыптастырудың негізгі бағыты болып табылады.

Сонымен қатар, басшыларда Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан барлық реформалардың шынайы таратушылары болуға мүмкіндік беретін, түбегейлі жаңа құзыреттер мен дағдыларды қалыптастыру мәселелері айрықша маңызға ие болып отыр.

Қазіргі заманғы басшы қандай болуы қажет? Ол қандай маңызды құзыреттерге ие болуы қажет?

Қазіргі заманғы басшы - бұл ең алдымен көшбасшылар, дамудың мүмкіндіктері мен технологияларын тиімді қолдана алатын, креативті және стратегиялық ойлау дағдыларын меңгерген, қызметін азаматтардың қажеттіліктеріне және нақты нәтиже алуға бағдарлап жасай алатын, үлкен деректермен жұмыс істей алатын, ұзақ мерзімді перспективада сценарийлерді әзірлей алатын, яғни жаһандық көріністі көре алатын және саланың, ұйымның дамуын жоспарлай алатын жетекші адамдар.

Осы бағытта, Академияда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының аумақтық департаменттерінің, орталық аппарты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына арналған «Өзгермелі   әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында, дәл осы аталған құзыреттер мен дағдыларды дамытуға бағытталған семинар-тренинг өткізіліп жатыр.

Бұл тренингтің ең бір ерекше тұсы  ол бірнеше модульге бөлінген:

1 модуль. Трансформациялық көшбасшылық

2 модуль. Ұйымдық даму.

3 модуль. Мемлекеттік органдар қызметінің реинжинирингі.

4 модуль. Инновациялық мемлекеттік аппарат.

5 модуль. Жобалық менеджмент.

Әрбір модуль нақты нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған.

«Трансформациялық көшбасшылық» модулі шеңберінде Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы, Премьер-Министр Кеңсесі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының өкілдері сөз сөйледі.

Олардың баяндамаларының негізгі идеясы ойлауды, ұйымдастырушылық қызметті, халықпен өзара іс-қимылды өзгерту қажеттілігі туралы идея болды, яғни қазіргі заманғы қауіп-қатерлер жағдайында заманауи басшы өзгерістер агенті болуы тиіс.

Оқыту барысында қалған модульдер бойынша қатысушылар өз ұйымдарының қызметіндегі түпкі проблемаларды анықтайды, ал ол олардың болашақ жобаларының нысанасы мен негізгі тақырыбы болады.

Қатысушылардың кәсіби қызметіне өзгерістер енгізу үшін әзірлеген жобалары-трансформациялау жоспарлары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж.  Шпекбаевқа ұсынылып, қорғаудан өтеді.

Сондай-ақ, семинар қорытындысы бойынша жобаларды іске асыруды әрі қарай бақылауды және семинар қатысушыларының кәсіби қызметіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.