Қазақстандық ЖОО-лар үздіктер қатарына енді
Quacquarelli Symonds QS университеттердің халықаралық рейтингі бойынша қазақстандық 25 жоғары оқу орны Шығыс Еуропа және Орталық Азияның үздік 300 ЖОО-лары қатарына енді. Британдық рейтингтік агенттік сарапшыларының зерттеу жұмыстары барысында 26 мемлекеттің оқу орындары арасында өзара салыстырмалы анализ жүргізілген. ЖОО жұмысын сараптай келе, рейтинг барысында түлектердің жұмысқа орналасуы, спорттық құрал-жабдықпен қамтылу мүмкіндіктері қарастырылған.
Үздік 300 оқу орындары қатарына кірген қазақстандық ЖОО-лар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, Қазақ агротехникалық университеті және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Quacquarelli Symonds QS рейтингі келесі көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады: оқу орнының академиялық беделі, жұмыс берушінің беделі, оқытушы/оқушы коэффициенті, халықаралық зерттеу жүйесі, веб-эффект, философия докторы атағы бар қызметкерлер, халықаралық факультеттер және халықаралық студенттер.
Университеттерді бағалау барысында жоғары оқу орындарының рейтингісін жасау кезінде назардан тыс қалып жататын басқа да талаптар ескерілген. Ол – зерттеу жұмыстары, оқыту, әлеуметтік жауапкершілік, жұмысқа қабілеттілігі, құрал-жабдықтар, қашықтық оқыту, жаңашылдық, ашықтық. Шығыс Еуропа және Орталық Азияның үздік 300 ЖОО-лары қатарына енген оқу орындарының саны бойынша ресейлік ЖОО-лар көш бастап тұрса, екінші орында – Түркия мемлекеті (46 ЖОО), ал Қазақстан үштікті түйіндеді (25 ЖОО).
Жалпы қазақстандық жоғары оқу орындары бүгінде сапалық көрсеткіштерін жақсартқандығын айта кеткен жөн. Университеттер халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім беру бадарламаларына көшуде, жоғары оқу орындарының ғалымдары ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізіп, жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар халықаралық дәрежеде жүзеге асырылуда.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]