Маңғыстаулық меценаттар 39 жобаны іске асырды
Маңғыстауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті.
Маңғыстау облысында жергілікті кәсіпкерлердің еңбегі мен өз өңірінің өркендеуіне үлес қосып жүрген жұмыстарын бағалап 2-ші жыл қатарынан қорытынды жасауда.
«Атамекен» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың бастапқы 10 айында жоспарланған 85 іс-шараның 39 жобасы меценаттардың көмегімен іске асырылды. Облыс бойынша, 12 спорт кешендері мен алаңдары, 4 мектеп жанында жылыжайлар, 100 орындық отбасылық жатақхана салынды, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 11 пәтер берілді, 18 тұрғын үйлер жөнделді және 4 балалар ойын алаңы салынды.
Сонымен қатар, 2018 жылы тағы 40 жобаны іске асыру басталды, , жалпы сомасы 14 млрд. 785 млн. 060 мың теңге. Жылдың соңына дейін 22 жоба аяқталады деп күтілуде.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстауымыздың дамуына белсенді үлес қосқан үздік меценаттарды марапаттады.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:» жаңа Жолдауында атап өткендей, қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен тұрақты әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс сапасын арттыруына байланысты. Мен бүгін осында тек қана аймақ емес, бүкіл елге оң ықпал етіп, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға зор үлес қосып жүрген адамдар қатысуда. Адамдардың өмір сүру сапасы жақсарғанда кезде, олардың санасы да өзгереді. Осы жағдайда бізге біздің кәсіпкерлер баға жетпес көмек көрсете алады. Сіздердің көмек және қолдауларыңыздың арқасында, біз 2019-2020 жылдары тағы 29 жобаны іске асыруға жоспарладық, жалпы сомасы 13,5 млрд. теңге. Ақтау қаласында спорт сарайының құрылысы, Жаңаөзенде 59 үйді жөндеу, Бейнеуде 160 орындық спорт кешен құрылысын салу, Мұнайлы ауданында кітапхана мен мәдениет үйінің құрылысы және тағы басқа құрылыстарды салу жоспарлануда», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
«Жыл меценаты» номинациясымен Есенгелдин Сакен Есенгелдіұлы және Керелбаев Асқарбек Сайынұлы мен марапатталды.
«Туған өлке» номинациясы Лесбаев Мұхат Бердібекұлы, Табылдиев Дүйсебай Аманханұлы және Мұңалбаев Сұңғат Аңшыбайұлына табысталды.
Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясын Шакенова Даметкен Асабайқызы, Бимырзаев Иса Ибрайымұлы және Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы иеленді.
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды іске асыруда бас демеушлік жасағаны үшін «Үздік ұйым» номинациясымен Қожанепесов Бақытжан Мәткерейұлы, Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы және Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы марапатталды.
Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілігі» номинациясымен Огай Антонина Вячеславовна, Мурадова Сәнім Ізбасарқызы және «Үммет жастары» қоғамдық ұйымы марапатталды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
6 пікір