Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды, ҚР Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Кодексінің 83 бабына сәйкес,  егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 82-бабының  1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;

2) электрондық нысанда;

3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде                 резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;

резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;

ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша  осы Кодекстің 534-бабында аталған тұлғалардың құқығы жоқ.

  1. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:

1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және                                               2) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;

2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.

 

 

З.Н. Нуржанова

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілерді тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу

орталығының бөлім басшысы                                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.