ҚР Омбудсмені ҚР Премьер-Министріне азаматтардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен жүгінді

ҚР Омбудсмені ҚР Премьер-Министріне азаматтардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен жүгінді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Премьер-Министрінің атына азаматтардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз етудің келесідей мәселелерімен жүгінді,  Омбудсменнің пікірі бойынша, олар Үкіметпен ү.ж. сәуірде орын алған алдағы уақыттағы хатына сәйкес пәнді қаралмады. 

«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекті тәртіпте тұрғын үй алу құқығын іске асыруға қатысты.

Қолданыстағы заңнамамен жоғары көрсетілген санаттағы аналар үшін нақты әлеуметтік кепілдіктер көзделген. Атап айтқанда, «Мемлекеттік наградалар туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР Заңының 36-бабына сәйкес  аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

«Тұрғын үй қатынастары» 1997 жылғы 16 сәуірдегі ҚР Заңымен аталған аналар «көп балалы отбасы» санатына қосылған, осыған байланысты  тұрғын үйге мұқтаж есебіне тұру туралы өтінішін көрсетілген күннен кейін бергендер, бірінші кезекте тұрғын үйді алуға құқығынан айырылған.

Үкіметтің ұсынған жауабында біздің тиісті сұрату хатымыз бойынша Астана қ. прокуратурасы растаған құқықтық қайшылықтар тудырған мәселені шешу бойынша негізделген ұстаным жоқ. 

«Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналардың туындаған құқықтық қайшылықтарға байланысты орын алып келе жатқан шағымдары олардың пайдасына оң шешіліп жатқан сот шешімдеріне ие екені назар аударуда.

Осындай шешімді Астақа қ. сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасы қабылдап, Жоғарғы Соттың ұқсас инстанциясында қолдау тапты.

Омбудсмен үндеу хатында «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар уәкілетті мемлекеттік органдарда мәселенің шешімін таба алмай, заңнамалық түрде бекітілген тұрғын үйге құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр екені алаңдатушылығын білдіріп отыр. Бұл Мемлекет басшысының халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мен сот органдарындағы жүктемелікті азайту туралы тапсырмаларына қарама-қайшы болып тұр.

Баяндалғанның мәнмәтінінде, ұлттық құқық қорғау мекемесі мемлекеттік тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйді бірінші кезекті беру кезінде біркелкі амалын заңнамалық деңгейде белгілеуді ұсынды.

Тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін азаматтарды есепке тұрғызу туралы.

Бұрын хабарланғандай, аталмыш мәселе бойынша нақты заңнамалық норма бола тұрса да, ұзақ уақыт бойы тұрғын үйдің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуін/сәйкес келуін растайтын құжатты беру бойынша уәкілетті органның болмауына байласнысты оны іске асырудың тетігі жұмыс істемеді. Омбудсмен мекемесінің бейінді ведомствомен жасаған жұмысы нәтижесінде           2017 жылғы 17 ақпанда уәкілетті органдардың қажетті қорытындыларын берудің нақты тәртібін белгілейтін тиісті Қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілді.

Үкіметтің берген жауабына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға аталған өзгерістерді қолдану туралы нұсқаулар 2018 жылдың сәуірінде ғана жолданды.

Бізге келіп жатқан азаматтардың арыздары аталмыш салада жоғарыда көрсетілген органдардың құқық қолданушы практикасында нақты нұсқаулардың жоқтығы туралы куәландырады.

Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратына сәйкес «қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру бойынша уәкілетті орган еш нормативтік нормативтік  актімен белгіленбеген».

Бұл жағдай басқа аумақтық уәкілетті органдарды сұрастыру кезінде расталды және азаматтардың денсаулығына қауіп тигізе алатын салдар бола тұрып, шұғыл шешімді қажет етіп отыр.

Сондай-ақ үндеу хатта Омбудсмен мекемесінің үндеулері мен ұсынымдары Ұлт Көшбасшысының оның Қазақстан халқына Жолдауы мен басқа да бағдарламалық құжаттарында қойылған тапсырмаларын іске асыру жарығында тұрақты негізде құқық қорғау мониторингісін жүргізу барысында алынатын ақпаратты мұқият талдаудың нәтижесі  болып табылатыны туралы айтылған.

Қаралып отырған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Премьер-Министрге оларды қосымша қарауды тапсыру өтінішімен жүгінді.

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.