Қаланың жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiнің және олардың ата-аналардың назарына!
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмекті алуға үмiткерлерден құжаттарды қабылдау жалғасып жатқандығын Сіздің назарынызға жеткізіп отыр.
Үш ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда әлеуметтік көмек қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерi қатарынан: жетiм балаларға, балалар үйлерiнiң түлектерiне, бала жасынан мүгедектерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасының балаларына беріледі.
Әлеуметтік көмек қаланың тиiстi жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерiнде көрсетіледі.
Мамандықтар |
Орындардың саны |
Мамандықтар |
Орындардың саны |
|
|
|
|
- Ақпараттық жүйе (Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту құқығымен компьютер жүйелерінің талдаушысы және әзірлеушісі) |
5 |
- Менеджмент |
2 |
- Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету (Бағдарламашы) |
5 |
- Шетел тілі (педагог) |
2 |
- Инженерлік жүйелер мен желілер (байланыс және аспап жасау жөніндегі инженері) |
5 |
- Педагогика және бастауыш білім беру методикасы |
6 |
- Дизайн (Web-дизайні, Ландшафт дизайні) |
7 |
- Мектепке дейінгі білім беру |
6 |
- Сәулет (BIM-менеджер жобалаушы) |
5 |
- Әлеуметтік жұмыс |
9 |
- Электр энергетикасы |
4 |
- Жалпы медицина (дәрігер травматолог, аллерголог дәрігері, педиатор дәрігері, оңалтушы, неанатолог, суицидолог) |
12 |
- Жылу энергетикасы |
4 |
- Тіс дәрігері |
5 |
- БӨАжәнеА инженері (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру) |
5 |
- Көлікті пайдалану және қозғалтуын, жүк тасымалын ұйымдастыру (логистика жөніндегі маман) |
5 |
- Құрылысшы (Құрылыста 3D басып шығару жобалаушысы) |
5 |
- Геодезия и картография (web-картография) |
5 |
- Инженер-электроншы |
5 |
|
|
Барлығы: 102 |
50 |
|
52 |
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) мекенжай анықтамасы;
3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;
4) Жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
5) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
6) мүгедектiгi туралы анықтамасының көшірмесі (бала жасынан мүгедектер үшін);
7) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);
8) туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
9) Астана қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат;
10) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.
Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Үмiткерлердің құжаттары Астана қ., Достық 13 (Нұрсая 2 тұрғын үй кешені) мекен жайы бойынша қабылданып жатыр және ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін қабылданады. Анықтама телефондары: 55-68-40, 55-68-45, 55-68-22, 55-68-34. Басқарманың ресми сайты: www.uzsp.astana.kz.
Б. Ахмадиева Астана қаласының Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы
[xfvalue_img]