ВАРШАВА, 2018 жылғы 11-13 шілде – Польша парламентаризмінің 550-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар шеңберінде Варшавада Орталық және Шығыс Еуропалық спикерлердің Үшінші саммиті өтті.

ВАРШАВА, 2018 жылғы 11-13 шілде – Польша парламентаризмінің 550-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар шеңберінде Варшавада Орталық және Шығыс Еуропалық спикерлердің Үшінші саммиті өтті.

ВАРШАВА, 2018 жылғы 11-13 шілде – Польша парламентаризмінің 550-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар шеңберінде Варшавада Орталық және Шығыс Еуропалық спикерлердің Үшінші саммиті өтті.

Қазақстаннан аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев және Сенаттың Аппараты Басшысының орынбасары Ерлан Сәрсембаев қатысты.

Т.Мұқашев өз сөзінде Қазақстанды Орталық және Шығыс Еуропа аймағымен біріктіретін тығыз географиялық, тарихи, практикалық және рухани байланыстарды атап өтті. Қазақстан - Польша өзара әрекеттесуінің көптен келе жатқан дәстүрлері оның жарқын үлгісі болып табылатындығы да айтылды.

Сенатор, өз өмірі мен шығармашылықтарын Қазақстанға арнаған Польшада туған ғалымдар мен мәдениет жарқын қайраткерлерін, соның ішінде Адольф Янушкевич, Густав Зелински, Бронислав Залески мен Александр Затаевичті еске салып, туыстас қалалар Астана мен Варшава арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын жоғары бағалады.

Елдеріміз халықаралық ұйымдар шеңберінде, соның ішінде 2018 жылдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде, тығыз жұмыс атқарып отырғаны атап өтілді. Қазақстандағы 32 мыңдық поляк диаспорасы мемлекетаралық достықтың «жанды көпірі» ретінде сипатталды.

Сенатор, ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз көңілін айрықша аударатын, мемлекеттілікті қалыптастыру мен дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде парламенттің рөлі туралы атап өтті. Т.Мұқашев әлемдегі әртүрлі қақтығыстар жағдайларын шешу, халықаралық сахнадағы серіктестік пен сенім ахуалын ілгерілету үшін парламенттік дипломатияның маңызды ресурсын толық пайдалануға шақырды.

Сенатор, ағымдағы жылы Астанада бейбітшілік пен даму үшін рухани көшбасшылар мен саясаткерлер арасындағы диалогын ілгерілетудегі Қазақстанның «жаңғырту үлесі» болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI-съезін өткізілетініне назар аударды.

Сапар барысында Поляк Сенатының Вице-Маршалы (вице-спикер) Мария Коц қазақстандық депутаттарды қабылдады. Тараптар Астана мен Варшава арасындағы өзара әрекеттесудың ағымдағы жай-күйін, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты жоғары бағалады.

М.Коц 2017 жылдың маусым айында Астанаға жасаған сапарын және қазақстандық парламенттің басшылығымен өткізген келіссөздерін, «ЭКСПО» халықаралық көрмеге барғанын және Қазақстандағы этникалық поляктармен кездескенін жылы сезіммен еске түсірді.

2018 жылдың басынан бері Польшаның екі парламенттік делегациясы Астанаға барып келгені, ал ағымдағы жылғы күзде қазақстандық заң шығарушылардың Варшаваға жауапты сапары жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Іс-шараның барысында сенатор Т.Мұқашев поляк Сенатының Маршалы (спикер) Станислав Карчевскимен кездесіп, ол өз кезегінде 2016 жылдың мамыр айында Астанаға ресми сапарын ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті және келешекте жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үмітін білдірді.

Сонымен қатар, Вице-маршал Адам Бьелан, Сеймнің Вице-спикері Рышард Терлецки, шетелдік делегациялардың бірқатар басшылары, сондай-ақ «Азат сөздің аймағы» жетекші медиа-холдингтің және «Gazeta Polska» шығармашылығының бас редакторы Томаш Сакевичпен кездесулер орын алды.

Қазақстандық делегация поляк парламентаризмінің 550 жылдығына және ұлттық тәуелсіздіктің қалпына келуіне 100 жыл толуына орай Польша Ұлттық Мәжілісінің салтанатты отырысына қатысты. Аталмыш отырыс барысында Т.Мұқашевтың Польша Президенті Анджей Дудамен және Польша Сеймінің спикері Марек Кухчиньскимен қысқаша екіжақты кездесулері өтті.

Жалпы алғанда, Қазақстан Парламентінің Сенаты делегациясының Польшаға жасаған сапары екі ел арасындағы өзара әрекеттесудің сенімді және сындарлы сипатын, Астана мен Варшава арасындағы жалпысаяси ынтымақтастықтың маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылатын тараптардың парламентаралық байланыстарды ілгерілету мен нығайтуға бағытталғанын растады.

Аталған жұмыс 2016-2017 жж. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Президенті Анджей Дуданың ресми сапарларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген маңызды келісімдерді жүзеге асыру аясында жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.