ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  құрылымдық бөлімшелерінің а.ж. бірінші тоқсандағы жұмысының қорытындысы туралы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің а.ж. бірінші тоқсандағы жұмысының қорытындысы туралы

А.ж. 10 мамырында орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  құрылымдық бөлімшелерінің а.ж. бірінші тоқсандағы жұмысының қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтті.

Аталған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Астана қ. бойынша  департамент басшысы Тілеген Қаскин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қ. бойынша департамент басшысы Шыңғыс Қабдула, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік баскару академиясының вице-ректоры Альтаир Ахметов, «Астана адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева  және Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының Стратегиялық даму және жобалық-сараптау жұмысы басқармасының басшысы Мадияр Нұрахметов қатысты.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз- конференциясында Департаменттің жұмысы 2 есеге арттқаны жөнінде Тілеген Қаскин мәлімдеді. 

«Факторлы-баллдық жаңа төлем жүйесімен мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісін сәтті іске асырды. Астана әкімшілігі және Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы екі есе өсті. Таза ауысымдылық қысқартылды. Бос орындар санын толтыру 62,5% -дан 88% -ға дейін өсті, оның ішінде меритократия қағидаты бойынша, жергілікті атқарушы органдарда жоғары лауазымдарға тағайындау 30% -дан 75% -ға дейін өсті, бұл мемлекеттік қызмет беделінің және тартымдылығының артуын көрсетеді», - деп атап өтті Т.Қаскин.

Электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған іс-шараларға ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылдың бірінші тоқсанында 5 «мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі», «Азаматтарға арналған үкімет» электронды порталымен жұмыс істеу бойынша 81 тренинг өткізілді, 153 121 азамат ЭЦҚ алды, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің 100% қамту. Мектеп және колледж 173 мұғалімі «Электронды үкімет» порталын пайдалануға үйренді, олар өз студенттерін үйретеді, азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдарда 30 өзін-өзі қамтамасыз ету бұрыштары ашылды, 13 жоғары оқу орындарында және 11 колледжде Студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру шеңберінде мемлекеттік органдардың 15 тексеруі өткізілді, 15 лауазымда тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді Тілеген Қасқин. - «Парасат» колледжінде «Құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық бақылаудың қорытындысы бойынша Стандартта қарастырылмаған заңсыз құжаттарға талап және 10 мың теңге көлемінде төлем фактісі анықталды.Ұқсас бұзушылықтар «Басқару» колледжінде, «Тұран» университетінде, М.Тынышпаева атындағы Ақмола колледжінде анықталды. Департаментпен мемлекеттік қызметтерді төлеу туралы колледж бұйрықтарының күші жойылды және директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Тексеріс қорытындысы бойынша Астана қ. индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде конкурстық рәсімдерді бұзғаны үшін конкурстық комиссияның 4 мүшесі жалпы 72 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында 20 мыңнан астам адам қамтылған 138 іс-шара өткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28% артық (98 іс-шара). Айта кету керек, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады, Елорданың барлық 84 мектебінде «АдалҰрпақ» атты клубтар өз жұмысын атқарылыпжатыр.

«Адалжол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы  марафоны өткізілді, оның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту болып табылады. «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы шеңберінде Департаменттің бөлек парақтары әлеуметтік желілердегі азаматтарға кері байланыс үшін жасалған. Осылайша, азаматтар қоғамдық бақылау жобасына белсене қатысады деп үміттенеміз », - қорытындылады Т. Қаскин.

2018 жылғы 1 тоқсанында Астаналық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 73 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталып, мемлекетттік бюджетке 1,8 млрд. теңге көлемінде зақым келтіріліп, өтелді,-осы және басқа да қызмет қорытындылары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың негізгі қарқындары туралы бүгінгі өткен брифинг барысында Департамент басшысы Шыңғыс Қабдула атап өтті.

Анықталған қылмыстардың талдауы көрсетіп отырғандай, соңғы кезде нығайып бекітілген  сыбайлас жемқорлық бағыттарының кезекте рет өзектілігін растады: ол былайша айтқанда мемлекеттік сатып алу саласындағы «ақжағалы» сыбайлас жемқорлық пен кез келген азамат қатыстырыла алатын «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық. Мемлекеттік сатып алу саласындағы қылмыстық айлалар ақшаны бюджетке салу және жоспарлау кезеңінен басталып, келісім-шарт міндеттерін орындау сатысында іске асырылып кететінін атап айту қажет. Осы тектес анықталған қылмыстар ағымдағы жылғы қылмыстардың шамамен төртен бір бөлігін құрайды. Осыған байланысты, Департаментпен тұрақты түрде астаналық ұйымдардың мемлекеттік сатып алуларына мониторинг жүргізіп отырады. Бұдан басқа, Агенттікпен қала әкімдігімен бірлесе отырып енгізілген «Астана-адалдық алаңы» жобасы шеңберінде жаңа ақпараттық-талдау жүйесін енгізу және қолдану жоспарланып отыр, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін әрбір мемлекеттік сатып алу сатысында онлайн режимде анықтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Ш. Қабдула атап өткендей, мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір азайту бюджет қаражатын айналымында қолма-қол ақшасыз төлем жасау және қолма-қол тәртіптегі төлемдерді жүзеге асыруға шектеулер енгізу жолымен мүмкін болады, бұл ақша ағымдарының қозғалысын бақылауды қамтамасыз етіп, көлеңкелі айналымға шығуды азайтады. 

«Тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық болса, аса таралған және әлеуметтік сұранысқа ие, себебі ол, азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетумен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесумен байланысты, ол жалпы тіркелген қылмыстардың үштен екі бөлігін құрайды. Алайда, сыбайлас жемқорлық сызбаларына көбіне кіші және орта бизнес қатыстырылатындықтан, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан бизнеске заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу, біздің қызметте айрықша басымдыққа шығарылған,- деп атап өтті Ш. Қабдула.

Ағымдағы жылы осындай 34 факт  анықталып, олардың 32-сі бойынша үкім шығарылып, 37 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.  Сондай-ақ, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылып жатқан әрбір жоба ерекше бақылауда тұр – деп ерекше тоқталды Ш. Қабдула – аталған жұмыстың нәтижесінде жалпы сомасы залал 1 млрд. теңгені құрайтын 12 қылмыс анықталды. 12 тұлға өмір бойы мемлекеттік лауазымдарды атқарудан айырылу құқығымен түрлі қылмыстық жазаларға соттардың үкімдерімен сотталды, оның ішінде 5-уі орталық және облыстық мемлекеттік органдарының басшысы, 2 ауылдық әкімдер.  

Әрбір анықталған сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық, оны жасауға ықпал еткен себептері мен жағдайларын анықтау мәніне талдауға ұшырап, оның нәтижесі бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізіледі. Жалпы есептік кезең бойынша барлығы 23 осындай ұсыныс енгізіліп, оның басым бөлігі қазіргі таңда нормативтік және тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдауымен оңды шешіммен қаралған.

Бұл ретте, жоғарғы деңгейлі нормативтік-құқықтық және заңға тәуелді (заңдар, Үкімет қаулылары, орталық мемлоргандар) актілеріндегі сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жоюға ерекше көңіл бөлінген.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.