Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігі қызметінің өзекті мәселелерін талдады

Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігі қызметінің өзекті мәселелерін талдады

Астана қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А. Шәкіровтің төрағалық етуімен Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оның барысында 2017 жылдың жұмыс нәтижелері және оның ағымдағы қызметі талқыланды.

Есептік жыл ішінде 572 алдын ала болулар болып, оның 24-і шұғыл түрде жүзеге асырылды.

Мандатпен басқарылатын мониторингтік нысаналардың жеткілікті кең ауқымын ескере отырып, түрме мекемелері алдын алу тетігінің ерекше назарында қалуда – есептік жыл ішінде аталмыш мекемелерде 136 рет болып, оның 24 арнайы болулардан 23 түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында өткізілді.

Резонансты қылмыстық істерге байланысты соңғы уақытта жүзеге асырылған арнайы болуларға қатысты жеке талдау жасалды.

Отырысқа қатысушылар тұтастай алғанда жоғарыда аталған мониторинг жүргізуге ҰАТ қатысушыларының іс-әрекеттеріндегі тиімділігі мен кәсіпқойлығын, сондай-ақ жұртшылықты осы жұмыстың нәтижелері туралы уақытылы хабардар етуін атап өтті.

Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесі мүшелерінің пікірі бойынша, кейбір жағдайларда ҰАТ оған берілетін мандаттың ауқымынан тыс шығады. Мандатпен басқарылатын мекемелерде жеке тұлғалардың назарына шоғырлануы тең құқықты қорғауды қажет ететін басқа азаматтардың құқықтарын айтарлықтай тарылтуы мүмкін.

Негізгі халықаралық құжаттардың талаптары, атап айтқанда, БҰҰ Азаптауға қарсы конвенциясының Факультативтік хаттамасы, ҰАТ азаптаулардың алдын алу мақсатында жұмыс істейді және олардың тергеу тетігіне ауыстыруға болмайтындығын белгілейді. Бұған бірнеше рет                БҰҰ-ның Азаптауды болдырмау жөніндегі кіші комитетінің, атап айтқанда 2016 жылы Қазақстанда өз мүшелерінің ресми сапары барысында назарын аударды. Факультативтік хаттама, сондай-ақ ҰАТ мүшелерінің қылмыстық тергеу мен iс жүргiзуге қатысуына жол бермейтін олардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы ережелерді қамтиды. Іс жүзінде азаптау фактілерін тергеу тиімділігі ҰАТ-не тән емес функцияларын күштеп таңу жолы арқылы қол жеткізілмеу керек, ол «жедел жәрдем» ретінде әрекет етпей, алдын алу қызметін жетілдіруге көңіл бөлу қажет.

Отырыстың күн тәртібі шеңберінде ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара әрекеттесу, жаңадан сайланған ҰАТ қатысушыларының кәсіби дағдыларын арттыру және т.б. мәселелер қаралды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы жылдың сәуір айында Астана қаласында ҰАТ халықаралық форумын өткізуді мақұлдады. Бұл Қазақстанның ҰАТ тәжірибесін ұсынуға және шетелдік әріптестерімен азаптау мен қатыгез қарым-қатынасты алдын алу бойынша халықаралық міндеттемелерді орындаудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

аппаратының баспасөз-қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.