Бас прокуратура ұжымына жаңа басшы таныстырылды
11 желтоқсан 2017 жыл, Астана. Бүгін Парламент Сенатының келісімімен, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қожамжаров Бас Прокурор лауазымына тағайындалды.
Ведомствоның жаңадан тағайындалған басшысын ұжымға Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков таныстырды. Сонымен қатар ол Жақып Асановтың Президент Жарлығымен Жоғарғы Соттың төрағасы болып тағайындалғанын мәлімдеді.
Ә. Жақсыбеков өз сөзінде Жақып Асановтың Бас Прокурор болған кездеріндегі бастамаларына тоқталды, сондай-ақ жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
«Сіз бұл ұжымда бірге қызмет етіңіздер, Бас Прокурордың орынбасары қызметінде, одан соң екі жылға жуық Бас Прокурор болдыңыз. Қазір Мемлекет басшысы Жақып Қажманұлына зор үміт артып еліміздің Жоғарғы Сотының төрағасына тағайындау үшін Сенатқа ұсыныс енгізді»,- деді Жақсыбеков.
Өз тарапынан Ж. Асанов Мемлекет басшысына сенімі үшін алғысын білдірді және алға қойылған тапсырмаларды одан әрі орындауға дайын екенін айтты.
Ж. Асанов ұжыммен бірлесе іске асырған бастамаларға - «Прокуратура туралы» жаңа заңының қабылдануына, қылмыстық процесті жаңғырту жұмыстарына тоқталды.
«Барлық бастамаларды бар күш-жігерімізді салып, атқарылып жатқан ісімізге кәміл сеніммен жасадық. Әрине, оңай болған жоқ. Бұл ұжымның еңбегі. Әрбір қызметкер зор еңбек етті. Ешкім жұмыстан сырт қалған жоқ. Осындай ұжымда қызмет еткеніме өте қуаныштымын»,- деді Ж.Асанов.
Өз тарапынан Қайрат Қожамжаров Елбасын артқан сеніміне алғысын білдіріп, алда тұрған мақсаттарға жетуге дайын екенін айтты.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]