Халықаралық рейтингтік агенттіктердің деректері бойынша  қазақстандық білім беру топ-40 қатарына кірді

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің деректері бойынша қазақстандық білім беру топ-40 қатарына кірді

Legatum Institute халықаралық зерттеу орталығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша гүлдену индексін жариялады, онда 149 мемлекеттің ішінен барлық параметрлер бойынша Қазақстан 72-орынға ие болды.

 

         Рейтинг Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік Сауда ұйымы, Gallup, Economist Intelligence Unit, IDC, Pyramid Research ұсынған статистикалық деректер бойынша жасалған. Индекс экономика, кәсіпкерлік, басқару, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жеке бостандық, әлеуметтік капитал, экология секілді қоғам өмірінің аспектілері мен қоғамдық әл-ауқаттылық параметрлерін көрсететін көрсеткіштер негізінде шығарылған.  Бұл зерттеуге Қазақстан 2006 жылдан бастап қатысады және осы уақыт бойы біз 20 орынға жоғарыладық, ал өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 83-орыннан 72-орынға, яғни 11 позицияға алға жылжыды.

         Барлық ТМД елдерінің ішінен 26-орынды иеленген Ресейге ғана жол беріп, білім индексі бойынша Қазақстан 35-орын алды. Сонымен қатар, Legatum Institute деректері бойынша білім деңгейі бізде Қытай мен Түркияға қарағанда жоғары.

         Қазақстанның гүлдену индексіне келтірілген түсініктемелерде Қазақстанда білім деңгейі мықты екендігі көрсетілген. Бұл еліміздің әрдайым Білім санаты бойынша 40 мықты елдер қатарында болуымен дәлелденеді. Мемлекетіміз Орталық және Батыс Азия бойынша білім саласында үздік деп танылды және 2011 жылы ЮНЕСКО «Баршаға арналған білім» индексінде бірінші орын алды.
Есепке сәйкес Қазақстандағы білім деңгейі орташа әлемдік деңгейден және оның өңірлік құрдастары Тәжікстан мен Қырғызстан деңгейінен әлдеқайда асып түседі.

         Жетістіктер кездейсоқ емес, себебі «Қазақстан 2050» бағдарламасы аясында Қазақстан халықтың сауаттылық деңгейін 99,8% -ға дейін көтеру және халықтың бастауыш сыныптарды 100%  аяқтауы үшін зор күш салып жатыр. Білім теңсіздігі көрсеткіші өте төмен, ал қыз балалар мен ер балаларды қамту коэффициенті әлемдегі ең жақсыларының бірі. Барлығы үшін тегін және міндетті орта білімнің болуы мемлекеттің орта білімнің ең жоғары көрсеткішіне жетуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектепке дейінгі оқыту бағдарламасын кеңейтіп, келесі онжылдықта Қазақстан білім берудің барлық деңгейінде ірі реформалар жүргізуді жалғастырмақ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.