Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі                               «Қаржы орталығы» АҚ екінші деңгейлі банктерді Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ынтымақтастыққа шақырады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ екінші деңгейлі банктерді Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ынтымақтастыққа шақырады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қаржы орталығы) екінші деңгейлі банктерді Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) аясында ынтымақтастыққа шақырады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушы банктерге қойылған талаптардың ішінен облыс орталықтарында, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда филиалдарының болуына қатысты талап алынып тасталды.

Енді МБЖЖ банк үшін қолайлы құрал болып табылады және төмендегілерді қамтамасыз етеді:   

- жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының есебінен ақшалай қаражат түсімінің өсуін;

 - ресурстық базаның ұзақ мерзімді көлемінің артуын

 

Белгілі болғандай, МБЖЖ Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен әзірленіп, 2013 жылы іске қосылған республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба («Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V ҚР Заңы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қаржы орталығы МБЖЖ-ның операторы болып табылады.

МБЖЖ Қазақстанның барлық азаматтарына банктен 14%-ға дейін сыйақы және жыл сайын мемлекеттен 5 немесе 7% сыйлықақы есептелетін әлеуметтік депозиттердің көмегімен өзінің немесе балаларының болашақта оқуына алдын ала қаражат жинақтауға мүмкіндік береді. Аталмыш салымдар бойынша барлығын қосқандағы табыстылық 21%-ға дейін жетеді, ал бұл өз кезегінде, жалпы жастар үшін білім алу қолжетімділігін арттырады.  

Бүгінгі таңда МБЖЖ аясында жалпы алғанда 13 млрд.теңге сомасына        18 мыңға жуық білім беру жинақтау салымы тіркелді.

Салымдар бойынша бүгінге дейін есептелген мемлекет сыйлықақысы 897,3 млн. теңгені құрайды.

Бұл салымдардың артықшылықтары ретінде мынаны атап өтуге болады:

  • мемлекет сыйлықақысының есептелу уақыты – 20 жылға дейін;
  • мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды;
  • МБЖЖ салымдарын үшінші тұлғалар тарапынан өндіріп алуға және оларға басқа шектеулер қоюға жол берілмейді;
  • минималды бастапқы жарна – 3АЕК;
  • салымшы оқудың ақысын төлеуге қажетті соманың кемінде 50% жинақтаған жағдайда Оператордың 100% кепіл болуымен банктен кредит алу мүмкіндігі беріледі;
  • Оператор өзіне жүктелген атқарымдық қызметтерге сәйкес үнемі осы өнімді маркетингілік ілгерілетуге міндетті, бұл нәтижесінде Қазақстанда банктің танымалдылығын арттыруға оң ықпал етпек.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.