Ақпараттық хабарлама
Бас прокуратураның Тергеу департаменті Алматы қаласы Наурызбай АІІД тергеушісі Е. Әнуарбек және Алматы қаласы прокуратурасының қызметкері В. Тихоновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 413-бабы бойынша (Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату) қылмыстық іс тергелуде.
Қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның Жедел тергеу тобы жүргізуде. Е. Әнуар мен В. Тихонов бұрын бірнеше мәрте сотты болған Ж. және Д.-ны қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босатқанының салдарынан соңғылардың біреуі қайта ауыр қылмыс жасаған (қылмыскер қамауға алынды). Қызметтік қылмыс жасады деген күдікпен Е. Әнуарбек пен В. Тихонов Бас прокуратурамен ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Тергеу әрі қарай жалғасуда, бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
71 27 66
71 28 19
press@prokuror.kz
[xfvalue_img]