Әділет органдары қызметкерлерінің Күніне
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығымен 30 қыркүйек - Әділет органдары қызметкерлерінің Күні болып бекітілді.
Әділет органдары қызметкерлерінің Күнін мерекелеуге байланысты Батыс Қазақстан облысындағы әділет органдары қызметінің қалыптасу және даму тарихтарына тоқталып өткім келеді:
1919 жылғы қаңтарда Орал қаласында облыстық ревкомитет құрылды. Басқа бөлімдермен қатар ревкомитетте әділет бөлімі де құрылған.
1919 жылғы 1 қазанда бөлімнің құрамында жалпы және жазалау бөлімшелері, Оралдағы үш халық соты және Орал уездік халық соты болды.
1920 жылғы қаңтарда-сот тергеу бөлімшесі және рақымшылық жөніндегі комиссия наурызда –азаматттық және революциялық трибунал жәнен құқық қорғаушылар мен айыпталушылар алқасы құрылды.
1920 жылдың ортасында халық соттары Жымпиты,Калмыков ,Елецк уездерінде жұмыс жүргізе бастады. ал қазан айында олар барлық уездерде жұмыс жасады.Халық судьяларының арасынан халық кеңесінің мүшелері сайланды. Өзекті мәселелердің бірі кадр мәселесі болған. Мамандарды және жәй сауаттыларды, тәжірибесі бар адамдарды дивизия штаттарынан,уезд әскери комиссариаттарынан, азық- түліктік алқалардан алдырып отырған.
1938 жылы Гурьев қаласы , Маңғыстау, Теңіз аудандары Батыс Қазақстан облысы құрамынан шықты.
1938 жылғы 20 желтоқсандағы № 22837 Қазақ КСР-нің ЮХК телеграфтық нұсқауына сәйкес 1938 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Орал облыстық атқару комитетінің жанындағы Әділет басқармасы жұмыс істей бастады.
Батыс Қазақстан облыстық әділет халық комиссариатының жанындағы басқарма бастығы болып Иванов, орынбасары болып Ашықбаев Жазық тағайындалды. Бір жылдан кейін, 1939 жылы Иванов облыстық прокуратураға жұмысқа ауысады. Басқарма бастығы Ж.Ашықбаев болды, оның орынбасары – Мұқан Мустафин, кейінірек Н.Я. Кириенко болады.
1940 жылғы ақпанда облыстық сот дербес балансқа көшеді де оның төрағасы Николай Александрович Раков болады.
Ұлы Отан соғысы әділет бөлімінің кадрлар құрамына да өз өзгерістерін әкелді.Көп қызметкерлер майданға кетті.Олардың орнына басқалар келді.
1942 жылдан 1945 жылдың қыркүйегіне дейін бастықтың орынбасары болып Глафира Сергееевна Шевкова істеді. 1944 жылғы 16-ақпанда 1 учаскенің сот орындаушы Павликова Ольга Алексеевна және Әділет басқармасының хатшысы Е.А. Морозова шақырылды.
1944 жылғы 26 маусымнан юстиции халық комиссарының бұйрығы бойынша басқарма бастығы Юсупов Сәрсенғали болды., 1946 жылғы сәуірде Сахипов, ал оның орынбасары – Ерғалиев Құябай болды.
1950 жылға дейін Сахиповтың орынбасарлары Г.М. Ломоносов, Қайырғали Молдашев, В.П.Дворянскийлер болады.
1952 жылы Қабдығали Ажыров бастық , В.А.Зинченко оның орынбасары болады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Әділет басқармасы осы құрамда 1956 жылға дейін істеді. Әділет бөлімі 1970 жылы ұйымдастырылады.
Әділет бөліміне жалпы саны 136 адамымен бір қалалық және 16 аудандық халық соттары, бір қалалық және он бес аудандық нотариалдық кеңселер бағынды.
Әділет Министрінің бұйрығымен Орал облыстық Кеңесі атқару комитетінің әділет бөлімінің меңгерушілігіне Ақас Жолманов 1970-1979жж тағайындалды. Оның орынбасары Григорий Максимович Пак болды.
Одан бері Әділет басқармасының бастығы қызметінде әр жылдары Андрей Поликарпович Муромцев 1977-1986 , Выдрин Александр Николаевич 1987-1993, Сергей Викторович Сергиенко 1994-1998 істеп келді. Сонымен қатар, басқарма бастығының орынбасары болып Утешева Калима Шамильевна 1977-1988 жылдар аралығында қызмет атқарып, әділет органдары қызметінің құқықтық насихаттау саласының дамуына зор үлесін қосты.
Басқарма құрылымы айтарлықтай кеңейді.
Сот жұмысын ұйымдастыру бөлімі мен құқықтық жұмыс және заң қызметін көрсету бөлімдерінен басқа, 1994 жылы Әділет басқармасының құрылымы айтарлықтай кеңейді. Әділет басқармасының басқаруына облыстық атқару комитетінен облыстық АХАЖ бөлімі, 1997 жылы барлық аудандық АХАЖ бөлімдері берілді. 1995 жылы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі жұмыс істей бастады, оның алғашқы бөлім бастығы болып Мағрипа Қайырқызы Нигишева 2003 жылдың маусым айына дейін абыройлы қызмет атқарды. 1998 жылы сот орындаушылар Департаменті құрылды.
Одан әрі 1998-1999 жылдары әділет басқармасын бұрындары тәжірибелі судья және әділет басқармасы бастығының орынбасары болған Құрамыс Сапарұлы Ешматов басқарды. Басқарма бастығының орынбасары лауазымында Жүгініс Көптілеуов 1988-1999ж.ж. қызмет жасады және С.Х.Игіліков болды.
Әділет органдары саласының нығаюы жолында еңбек еткен келесі тұлғаларды атап өтуге болады :
Чапов Афанасий Гаврилович (1971- 1985) бас кеңесші, Серикбаев Ермекгали Серикбаевич облыстық АХАЖ бөлімінің бастығы (1972-1985), Машимбаева Мария Сакубалиевна облыстық АХАЖ бөлімінің бастығы ( 1986-1997), Котова Тамара Владимировна облыстық АХАЖ бөлімінің жетекші маманы (1971-1998), Семенова Евгения Михайловна бухгалтериялық есеп және есеп беру бөлімінің бастығы (1974-1999 ж).
1999 жылдың қараша айынан бастап бұрын 1981-1984 жылдар аралығында Орал қалалық нотариалдық конторасының меңгерушісі, 1984-1999 жылдар аралығында Орал қалалық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болған Әсия Мұсақызы Мұхитова облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары болды.
2000 жылдың наурыз айынан – қазан айларына дейін Батыс Қазақстан облысы әділет басқармасын Орал қалалық сотының төрағасы болған Мұхамбет Галимович Әміралиев басқарды. 2000 жылдың қазан айынан - 2001 жылдың ақпан айына дейін басқарма бастығының міндетін Ә.М.Мұхитова атқарды.
2001 жылдың қаңтар айынан -2002 ж. қазан айына дейін Батыс Қазақстан облыстық әділет басқармасының бастығы Қабдығали Ахметов болып, ол 2002 жылдың қазақ айында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты болып сайланды.
31.08.2000 ж. № 440 ҚР Президентінің « Қазақстан Республикасында сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» және 22.01.2001 г. за № 536 «Құқыққорғау қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» Жарлықтарына сәйкес , сот жұмысын ұйымдастыру бөлімінің және сот орындаушылардың қызметі Әділет Министрлігінің жүргізуінен ҚР Жоғарғы сотының жанындағы соттар әкімшісі жөніндегі Комитетіне, облыс көлемінде соттар әкімшісіне берілді.
2001 жылдың 13 шілдесінде Әділет Департаментінде ұйымдастыру-бақылау және кадр қызметі бөлімі құрылды.
2002 жылдан Батыс Қазақстан облысы әділет органдарының Үйлестіру Кеңесі қызмет жасайды.
2003 жылдың шілде айында облыстық әділет басқарманың бастығы болып бұрын 2002 жылдың ақпан айынан № 2 Орал қалалық сотының судьясы болған Әсия Мұсақызы Мұхитова Әділет Министрінің бұйрығымен тағайындалған болатын. Ұзақ жыл басшы болып, 2016 жылдың ақпан айында зейнеткерлікке шықты.
2003 жылы Әділет Департаментінде зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлім құрылды, ол бөлім бастығының алғашқы міндетін атқару әділет органдары саласындағы тәжірибелі бас маман Қарлығаш Сағынғалиқызы Қабышеваға жүктелді.
2003 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР Әділет Министрлігінің облыстағы аумақтық органдары - әділет департаменті болып атауы өзгертілді. Атқаратын функциялардың ұлғаюына байланысты 2004 жылы құрылған аудандық және қалалық әділет бөлімдері 2005 жылдың ақпан айынан бастап әділет басқармалары болып қайта құрылды.
2007 жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу функциялары әділет органдарына құзыретіне берілді.
Бұрын әділет органдарымен жүзеге асырылған келесі міндеттер мен функциялар :
- ҚР азаматтарына жеке куәліктер мен паспорттар құжаттамалау, әзірлеу және беру, азаматтарды есепке алу және тіркеу (01.2005жылдан ҚР Әділет Министрінің жүйесіне берілген болатын);
- қылмыстық-атқару қызметі саласындағы функциялар мен өкілеттіктер (2001жылдың желтоқсан айынан бастап Әділет Министрлігіне берілген болатын) Ішкі Істер министрлігінің қарамағына қайтадан ауыстырылды.
- діни істер бойынша (1 сәуір 2006ж.-дан бастап Әділет Министрлінігің жүйесінде болған ) жүргізілген функция ҚР-ның Дін істері Агенттігіне берілді.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің құрылымын 13 әділет басқармалары , атап айтсақ 12 аудандық әділет басқармалары, 1 қалалық әділет басқармасы, 13 аппарат бөлімдері құрайды. 2015 жылдан бастап сот актілерін орындау басқармасы құрылып Әділет Департаментініңің тікелей құрылымына берілді.
2002 жылғы 18 наурызда Парламент «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. Осы Заңға сәйкес облыстардың, аудандар мен қалалардың әділет бөлімшелері аумақтық әділет органдары болып табылады. Әділет Департаменті басшысының орынбасарлары болған К.А.Аралбекова қазіргі уақытта зейнеткерлікке шықса, С.Ж. Батырханова Атырау облысының Әділет Департаментінде басшының орынбасары қызметін атқаруда. Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын,мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. атқарушы билік органдары болып табылады.
Барлық әріптестерді әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтап, барлығына жоғарғы заңгерлік кәсіби жетістіктер мен творчестволык табыстар тілеймін !
Батыс Қазақстан облысы
Әділет Департаментінің
Персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік
бөлімінің басшысы Ә.Қарекесова
[xfvalue_img]