Зияткерлік  меншік құқықы  туралы не білеміз?

Зияткерлік меншік құқықы туралы не білеміз?

Қазақстан дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек – әрбір азаматтың жеке мүліктік құқығы, яғни, оның жеке меншігі.

Зияткерлік меншікке адамзат ой-санасымен жасалған өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай - ақ, коммерциялық мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар және үлгілер жатады. Оның өзі өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік меншікке патент берілетін өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен атаулары енеді. Ал, авторлық құқық объектілеріне әдеби, ғылыми шығармалар, музыкалық, бейнелеу, мүсіндеу, графика, сәулет, фотосурет туындылары жатады. Сабақтас құқық объектілеріне қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының бағдарламалары кіреді. Автор дегеніміз - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады.  

Зияткерлік меншік құқығы өзге де меншік құқықтары сияқты, авторға өз туындысынан немесе шығармашылық жұмысынан табыс табуына мүмкіндік береді. Бұл мәселе дүниежүзілік адам құқықтары декларациясының  27 бабында нақтыланған.

Зияткерлік меншік құқығын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 158-бабына және Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 198, 199-баптарына  сәйкес,  жауапкершілікке тартылады.

Заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында аудандық әділет басқармасы мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлер арасында зияткерлік меншік саласына қатысты құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Заңды тұлғалар, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары өкілдерімен де дөңгелек үстел, семинарлар өткізіліп, дәрістер оқылуда. 

       Шығармашылық әлеуеттің дамуына және өнертабысқа, өнеркәсіп үлгілеріне, басқа да зияткерлік меншік объектілеріне жаңа идеяларды іске асыруға ықпал ететін құқықбұзушылыққа жол бермеу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алда да жұмыстана бермекпіз.

 

Асхат  Атаев,

БҚО Бөкей ордасы ауданының  Әділет  басқармасының басшысы,

«Қазақстан заңгерлер одағы» БҚО филиалының мүшесі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.