Халық үшін ашық прокуратура

Халық үшін ашық прокуратура

Үлкен өзгерістер қарсаңында тұрған, қазіргі заманғы прокуратураға бағытталған,  қоғамның жоғары сенімі бар, әрбір қазақстандыққа міндет ету негізі борышы болып табылатын Прокуратуры органдырмен халықтың сенім деңгейін арттыру бойынша жұмыстары жалғасуда.

Осылайша, Астана қаласы прокуратурасымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында астана тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын-ала хабардар ете отырып «Ашық есік күні» 18 іс-шарасы өткізілді.

Белгілі болғандай, бүгінгі күнде астана аумағындағы үлестік құрылыс проблемалық салалар деп танылды және елдің бірінші басшыларының бақылауында орналасқан.

Ағымдағы жылдың 7 сәуір айында Астана қаласы прокуроры Б.Б.Дембаев төрағалығымен,  қала әкімдігінң бірінші орынбасары С.М.Хорошунды шақыруымен және бірқатар мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғаларымен бірге «Ашық есік күні» астананың бірнеше тұрғын үй кешендерінің үлескерлермен   өткізілді.

Көрсетілген іс-шараның нәтижесінде , ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, 43 әлеуетті инвесторлармен бірге «Аяқталмаған құрылыс объектілерінің жәрмеңкесі» өткізілді, оның барысында проблемалық объектілерді салып бітіруінде 10 әлеуетті инвесторлар қызушылығын білдірді, қазіргі уақытта жобаларды іске асыру үшін,  олармен жағдайды бағалау бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр.

Мысалға,  үш тұрғын үй кооперативтері әлеуетті инвесторлармен бірге құрылыс объектілерінің аяқтаулы бойынша тиісті актілер жасасты, және егер  оң шешім қабылданған жағдайда 210 үлескерлердің мәселелері шешілетін болады.

Астана қаласының прокурорымен ағымдағы жылдың 2 маусымында «Баспана Көктал» ТҚК мүшелерімен кездесу өткізілді, Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауында орналасқан, «Орал Дизайн Стройсервис» ЖШС басшысы К.Х.Жұмабековке қатысты қылмыстық істің айыптау актісіне өзгерістер енгізу өтнішімен жолданды.

ТҚКмүшелерінмен мазмұндалған дәлелдер расталды, және  2017 жылғы 7 маусымында мемлекеттік айыптаушымен  жаңа айыптау актісі жасалды, оның нәтижелері бойынша Жұмабековке қатысты үкім шығарылып 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімімен жаза тағайындалды.

Үлескерлердің қолдаумен мәселені шешу қиын болғандықтан , бүгінгі күнде, оларды «біртұтас» біріктіру үшін және осы объектілерді аяқтау үшін үлескерлермен кездесу өткізілдеді. Осы жұмыс  аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетілуде.

 

Тұрғын кешендер қатарында бірнеше ТҚК құрылды, оларда бір мәселе, бірақ оның шешімі бойынша әр түрлі көзқарастар (ТҚК төрағаларына сенімсіздік,мүшелік жарналарды және т.б. төлеуді қаламауы).

Басқа мәселелер бар.Мысалға, «Азбука жилья». Қала прокуратурасы іске араласқан соң ғана 17 мамыр «Орда инжиниринг» басқарма компаниясына  объектілерді аяқтау үшін мүлік берілді.

Сонымен қатар, прокуратурамен сенімді ТҚК мүдделерін қорғау бойынша бір позиция әзірленіп және қолданды.

2017 жылғы 13 мамырында халықтың мәселесін бір терезе қағидатымен шешу мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы әкімшілік,ішкі істер басқармасы, көші-қон полициясының қатысумен үш халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында заңнама нормаларын және  мемлекеттік қызметті алу тәртібімен халыққа түсінік беру өткізілді.

Азаматтардың кейбір мәселелері орында шешілді. Мысалға, ХҚО қабылдауына Ж.,есімді азаматша қолында емізулі баламен, өзінің жаңа туған нәрестенің есімін өзгертуді  тіркеу кезіндегі  әуре сарсаңға шағымданып жүгінді. Мәселе орында шешілді, және жас ана нәрестенің қалаған есімімен бірге туу туралы куәлік алды.

Осыған ұқсас акциялар әділет Департаментінде сот орындаушылармен бірлесіп алимент төлемдерін өндіру мәселесі бойынша өткізілді; Астана қаласы ІІД ӘПБ қызметкерлерімен бірлесе отырып  қаланың ІІД ОАП әкімшілік заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша, Астана қ.ЕЦ-166/1 ҚАЖД мекемесінде сотталғандардың  туыстары және жақындарымен кездесу ұйымдастырылды, сондай-ақ оларды қызықтыратын мәселелер бойынша  азаматтарды қабылдау өткізілді; Астана қаласы бойынша ІІД және МТД азаматтарға қызықтыратын мәселелер бойынша түсініктер берілді.

 Сонымен қатар, астананың аудандық прокурорларымен елді мекендерге шығу жүргізіліп, онда халықпен кездесу жүргізіліп, өзекті мәселелер талқыланады және мүмкіндігінше орнында жүзеге асырылады.   

Осылайша, Ильинка ықшам ауданы тұрғындарымен кездеу барысында заңсыз өздігінен салу бойынша шағым түсті.

Прокуратура талап етуі бойынша уәкілетті органымен Есіл ауданы сотына объектілерді заңсыз құрылыс салу деп тану бойынша талап арыздар енгізілді. Өздігінен салу меншік иесіне алдын ала ескерту жарияланды.

Астана қаласының әділет Департаментіне аталған тұрғын үйлерде мемлекеттік тіркеуге жол бермеу бойынша хат жолданды.

Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша үлескерлер мүддесіне қала прокуратурасымен 3 талап енгізілді, 2 талап прокуратура  тапсырмасы бойынша уәкілетті органымен енгізілді; 2 қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы жойылды; алимент төлемеу бойынша 8 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бір борышкердің көлік құралы тәркіленді; гараж кооперативінің аумағында заңсыз құрылыс тоқтатылды,өзін-өзі билеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мұндай іс-шаралар прокуратура органдарының беделін нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз, тиісінше, оларға халықтың сенімін деңгейін арттыру, осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Халық үшін ашық прокуратура

Астана қаласы прокурорының

аға көмекшісі Ш.Абжанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.