Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын сақтау – қызмет берушілердің басты міндеті

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын сақтау – қызмет берушілердің басты міндеті

Егер еліміздегі құқықтық қорғау құралдарының қолжетімділігін бағалайтын болсақ, онда азаматтарымыз нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мамандандырылған мекемелерге, сондай-ақ басқа да арнайы ұйымдарға құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін өтінішпен жүгінуге құқығы бар.

Кез келген мемлекеттік органның, жекелей айтқанда әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысында азаматтардың өтініштерін қарау аса маңызды орын алады. Олардың дәлелдері өз айғақтарын тапқан жағдайда тұрғындарымыздың мүдделерін қорғау – біздің ортақ міндетіміз.

Бұл сөздер жай ғана жеке тұлғаның пікірі емес, қолданыстағы заңнама шеңберінде бекітілген мемлекеттік қызметшінің антын қабылдаған барлық тұлғалардың алдында қойылған талап.

Дәлірек айтқанда, жаңадан қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 17-бабында мемлекеттік қызметшінің жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, олардың жолданымдарын қарауға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау жөніндегі міндеті тікелей көрсетілген.

Әрине, тұрғындардың өзекті мәселелерін, өтініштерінде көрсетілген мұң-мұқтаждарын барынша шешуге жәрдемдесу тек қана заң тармақтарынан ғана емес, біріншіден өз халқына, қызметіне деген сүйіспеншілігінен туындауы қажет. Өйткені мемлекеттік қызмет атқарудың үлкен міндеттерімен бірге азаматтардың сенімін ақтауымен байланысты биік абыройы қатар жүреді.

Азаматтардың өтініштеріне деген осындай көзқарас болуын біз, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган ретінде, қатарымыздағы әрбір әріптесімізден талап етеміз.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті өз құзіретінің шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратындықтан, біз барынша бұл саланың дамуына мүдделіміз.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы барлық жағдайда жоғары, ал оларды ұсынуға уәкілетті тұлғалардың әрекеттері заңды бола бермегендіктен, азаматтар осы іспеттес көріністерге куә болған жағдайда Департаментке жүгінуге мәжбүр болады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына 2000-нан астам өтініш қаралды.      

Шағымдарды қарау, тексеру, сыртқы байқау жүргізу нәтижесінде 3627 қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қорғалды. Олардың ішінде, 3448 қызмет алушыға жер қатынастары, геодезия және картография, 179 – ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша.

Мысалы, 2 шаруа қожалығына 2000 гектардан астам шабындық алқаптарын егістікке ауыстыруға рұқсат берілді. Бұл кәсіпкерлерге қызметін одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Немесе басқа мысал, осыған дейін құқықтары бұзылған 179 шаруаға 418 миллион теңге субсидиялар төленді.

Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау – ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттiк қолдау шараларының бірі.

3000-нан астам азаматқа жер қатынастары саласындағы қызметтер көрсетілді. Қызмет алушылардың басым көпшілігі – ауылдық елді мекендерде жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін алуға ниет білдіргендер.

Мұндай нысаналы мақсатпен ұсынылған жер учаскелері азаматтарға ауылдарда тұрғын үй салуға, тиісінше, елді мекендерді дамытуға үлес қосумен байланысты мүмкіндікке ие етеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының 2 отырысы өткізілді. Онда өңірлік деңгейде маңызы бар мәселелер қарастырылды.

Атап айтқанда, жұмыс тобының күн тәртібінде «Көкшетау қаласында кәсіпкерлердің жер қатынастары саласындағы қызметтерді алумен байланысты проблемалары» сұрағын қарау даулы жағдайдаларда бірнеше кәсіпкерге «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызметі бойынша оң нәтиже алуға жәрдем болды.

Бұл жер учаскелерінде коммерциялық құрылыс бастаған кәсіпкерлерге өз бастамаларын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Департаменттің бұл бағыттағы жұмысы өз жалғасын табады.

Нұрсұлтан Шытырымбек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.