100-ден астам әскери қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарға қатысты
Ақмола облысындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттауға және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған семинар өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, заңнамадағы соңғы өзгерістер, мүдделер қақтығысының алдын алу, әдеп нормаларын сақтау және адалдық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы әрбір азаматтың жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан 100-ден астам әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, заңнамадағы жаңашылдықтар бойынша пікір алмасты.
Мұндай кездесулер әскери ортада адалдық мәдениетін нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы
[xfvalue_img]
