Шығыс Қазақстан облысының судьяларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасы түсіндірілді
Ағымдағы жылдың 9 маусымында Шығыс Қазақстан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Асхат Бейсембаев Өскемен қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотында семинар-кеңес өткізді, онда «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа өзгерістер түсіндірілді. Семинар-кеңеске әкімшілік соттың төрағасы Фархад Камалов, мамандандырылған соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөніндегі заңнамалық новеллаларды егжей-тегжейлі түсіндірді. Атап айтқанда, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына сыйлықтар алуға толық тыйым салынғандығы, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтілгендігі және пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғандығы түсіндірілді.
Семинар соңында семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
[xfvalue_img]