Мемлекеттік қызметшілер үшін «Тендерге түскен келіншек» спектаклі көрсетілді
2026 жылғы 18 маусымда Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында мемлекеттік қызметшілер үшін «Тендерге түскен келіншек» спектаклінің көрсетілімі өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мәдениет басқармасының қолдауымен мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, азаматтық жауапкершілігін арттыру және мәдени-ағартушылық дамуын қолдау мақсатында ұйымдастырды.
Қойылым барысында қоғамдағы өзекті мәселелер әзіл мен сатира арқылы көркем түрде жеткізіліп, көрермендерді адамгершілік, адалдық, әділдік және отбасылық құндылықтар туралы ойлануға жетеледі.
Іс-шара аясында Департамент басшысы Нұрқат Батырқұлов өңірлік телеарнаға берген сұхбатында мұндай мәдени-ағартушылық іс-шаралардың мемлекеттік қызметшілер және жастар арасында рухани құндылықтарды дәріптеудегі және қоғамда мәдениетті қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды.
Мұндай мәдени іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметімен қатар рухани дамуына ықпал етіп, олардың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Іс-шараға— барлығы 250-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар театр ұжымына алғыстарын білдіріп, қойылымнан жағымды әсер алғандарын атап өтті.
[xfvalue_img]
