СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жаңа басшы тағайындалды

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне Бақдәулет Махмуд тағайындалды.

Махмуд Бақдәулет Бақмұхамедұлы, 1980 жылы туған, Қызылорда облысының тумасы, жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Еңбек жолын 2002 жылы қаржы полициясы органдарында бастады. Әр түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметтерде қызмет өткерді.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қ. бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.