Спорттық атудан Қазақстан чемпионы атағын СҚО полицейі екінші жыл қатарынан жеңіп алды
https://youtube.com/shorts/TQJht52W8jY
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері Павлодар қаласында өткен "Архар 2025" атты Қазақстан Республикасының ашық снайпинг чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Мұндай жарыстарға күштік құрылым қызметкерлері дәстүрлі түрде қатысады.
"Тактикалық" санатында қатысушылар 11 жаттығу бойынша сайысқа түсті. Нысаналарға дейінгі қашықтық 100-ден 840 метрге дейін болды.
Жарыс қорытындысы бойынша полицияның аға лейтенанты Саят Ілюбаев бірінші орынды иеленді. Ол – республикалық деңгейдегі снайперлік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ полиция лейтенанты Ерхан Шайпин де жоғары нәтиже көрсетіп, үшінші орынды иеленді.
Sniping – шынайы жағдайларға барынша жақындатылған жоғары дәлдікке негізделген спорттық ату түрі.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]