Қостанай облысында 60 маман комплаенс-офицер мектебінде оқу өтті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Қостанай облысында 60 маман комплаенс-офицер мектебінде оқу өтті

Қостанай облысында 60 маман комплаенс-офицер мектебінде оқу өтті

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ағымдағы жылы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қостанай облысында облыстық комплаенс-офицерлер мектебі өткізілді.

Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, ТҮШБ және басқа да салалардың 60-тан астам тәжірибе алып жүрген мамандары қатысты.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергеновтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық комплаенсының жүйесі – ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмаудың тиімді құралдарының бірі. Сонымен қатар, бұл ұзақ жоспарлы енгізуді талап ететін күрделі кешенді жоба.

Бүгінгі күні өңір аумағында комплаенс офицерлері қызметін игерген 280 ұйым бар деп есептеледі.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық менеджментінің тиімді жүйесін құруға арналған ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымы мен басымдылығы талқыланды, қатысушылар интерактивті пікірталастарға қатысып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті заңнама новеллалары туралы білді.

Сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен диалогтық алаңдар аясында бизнес-процесстер орын алатын оңтайландыру, шағымдармен жұмыс жасау, мемлекеттік сатып алу және көптеген өзге де мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылы өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен одан әрі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор кәсібилігін жетілдіретін осындай бірнеше кездесулер өткізу жоспарланған.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.