Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын белсенді дамыту - сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы
Қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың неғұрлым пәрменді құралдарының бірі болып табылады. Дегенмен, осы күрделі және кешенді институттың құрылымы ұзақ әрі дәйекті енгізуді талап етеді.
Бүгін Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп комплаенс-қызметтерді әдістемелік қолдауға бағытталған семинар өткізді.
Іс-шараға аумақтық және орталық квазимемлекеттік құрылымдардың 100-ден астам мамандары, сондай-ақ Zoom-конференция арқылы аталған бөлімшелердің басшылары қатысты.
Спикерлер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының сарапшылар кеңесінің мүшелері, ICA сертификатталған маманы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы басқа да мамандар мен сарапшылар сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, бақылау рәсімдерін енгізу, контрагенттерді тексеру, мүдделер қақтығыстарын реттеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізілді.
Іс-шара барысында белсенді пікірталас өтіп, қатысушылар күнделікті тәжірибедегі инновациялық әдістер бойынша тәжірибе алмасты.
[xfvalue_img]