СҚО-да жас полицейлерге алғашқы погондар табысталды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
СҚО-да жас полицейлерге алғашқы погондар табысталды

СҚО-да жас полицейлерге алғашқы погондар табысталды

Дүйсенбінің таңы СҚО полиция департаментінің алты қызметкері үшін ерекше сәттен басталды. Олар алғашқы офицерлік погондарын алды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қойылып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің портреттері ілінген департамент фойесінде СҚО ПД бастығы оларға полиция лейтенанты арнайы атағын табыс етті.

«Сіздер «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау ісіндегі полицейлердің қатарын толықтырдыңыздар. Азаматтық жетілуді, қызметтік борышқа адалдықты және кәсібилікті көрсете отыра, жүктелген міндеттерді орындау үшін бар күш-жігеріңізді салатындарыңызға сенімдімін», - деді жас офицерлерге полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов.

Жас полицейлер өздерінің еңбек жолын отбасылылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы күрес бөліністері, патрульдік полиция батальоны, жедел басқару орталығы мен криминалдық полиция бөлінісінен бастамақшы.

Сондай-ақ, екі қызметкерге полиция майоры, төрт қызметкерге полиция подполковнигі атағы берілді.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.