Заң мен тәртіп: ҰТО Солтүстік Қазақстан филиалының өкілдерін жауапкершілік туралы хабардар етті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізу қарсаңында Ұлттық тестілеу орталығының өңірлік филиалдарында түсіндіру кездесуін ұйымдастырды.
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету және науқанды әділ және сапалы деңгейде өткізу мақсатында Департамент инспекторы С.Н. Зайцева қатысушыларға заң мен тәртіпті бұзушылық үшін жауапкершілік туралы еске салды. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына және тестілеу процесіне заңсыз араласуға жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кездесу барысында спикер қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтарын жеткізді.
Өңірде педагогтың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған ПББ Петропавл қаласында және Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылында өткізіледі.
[xfvalue_img]