Петропавлдық полицейлер бір жылда «102» мобильдік қосымшасы арқылы 300-ге тарта қоңырау бойынша шаралар қабылдады » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Петропавлдық полицейлер бір жылда «102» мобильдік қосымшасы арқылы 300-ге тарта қоңырау бойынша шаралар қабылдады

Петропавлдық полицейлер бір жылда «102» мобильдік қосымшасы арқылы 300-ге тарта қоңырау бойынша шаралар қабылдады

видео: https://www.youtube.com/shorts/3RNnSlJN--g

Әр адам заң мен тәртіпті нығайтуға өз үлесін қоса алады. Жол жүрісі қағидаларын бұзу арқылы тротуарлар мен аулаларда көлікті қаңтарып қою, жолдарда апаттық жағдайлардың туындауы – петропавлдықтар осындай себептермен өз телефондарындағы «102» қосымшасын ашып, полицияға жүгінген.

Бұл полиция қызметтерін қол жетімді ететін ыңғайлы мобильдік құрал. Аталмыш қосымша жәбірленушілер мен куәгерлерге құқық бұзушылықтардың фотосын немесе бейнежазбасын қоса отырып, кез келген ыңғайлы түрде тәртіп сақшыларына жүгінуге мүмкіндік береді.

Полицейлер әр хабарламаны тексереді. Мысалы, маусым айының соңында Рижская көшесіндегі көппәтерлі үйдің ауласында ойын алаңында тұрған «КамАЗ» ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Жыл ішінде орталық мәдениет және демалыс саябағында көлікті қою ережелерін бұзуға қатысты 8 хабарлама тіркелді.

Бірқатар хабарламалар адамдардың мас күйде гараж кооперативтерінде, облыстық балалар ауруханасының маңында ащы суды сіміріп алған соң қоқыс қалдыру түріндегі қоғамға жат қылықтар жасауымен байланысты болды.

Полицияның құзыретіне кіретін барлық қоңыраулар бойынша процестік шешімдер қабылданады. 12 айдың ішінде «102» қосымшасы арқылы полицейлер петропавлдықтардан 287 хабарлама қабылдады, расталған фактілер бойынша 248 әкімшілік хаттама толтырылды.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.