ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАДИСПЕТЧЕРЛЕРІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ БАР ЖАТТЫҒУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНДА ДАЯРЛАУДАН ӨТЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАДИСПЕТЧЕРЛЕРІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ БАР ЖАТТЫҒУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНДА ДАЯРЛАУДАН ӨТЕДІ

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында 15 қарашада жаңа оқу-жаттығу құрылғысы кешені іске қосылды. Ол әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің алғашқы дайындығы мен жаттығуларын өткізуге арналған.

АҚШ өндірісінің «Air Traffic Simulation and Voice Technologies» жаттығу кешенін «Қазаэронавигация» РМК тапсырысы бойынша әуе қозғалысын басқаруды модельдеу жүйесін әлемдік әзірлеуші UFA Inc. құрған. 

Ол болашақ диспетчерлердің бастапқы даярлаудан өтіп қана қоймай, жұмыс істейтін диспетчерлердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Кешеннің техникалық мүмкіндіктері әуеайлақтағы әуе трафигі мен жердегі жағдайды имитация жасауға мүмкіндік береді. 

Ал жасанды интеллект оқу барысында псевдопилотты алмастыра алады және радиобайланысқа ЖИ шығады. Сондай-ақ кешеннің функциясына виртуалды шынайылықты модельдеу кіреді, бұл авиадиспетчердің шынайы жұмыс орнын барынша қайталауға мүмкіндік береді.

Жаңа оқу-жаттығу құрылғысы кешені жүйесіне жүктелген аэронавигациялық карталар Республиканың қолданыстағы әуеайлақтары мен әуе кеңістігін имитациялайды. Қазіргі таңда бұл жабдыққа Қазақстанда да, Орта Азияда да балама жоқ.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында 291 адам жаттығу кешенінде даярлаудан өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында осындай дайындықтан 192 адам өтті. Жаңа тренажер Орталық нұсқаушыларына болашақ және жұмыс істеп тұрған әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін екі есе көп оқытуға мүмкіндік береді.

Айталық, Кәсіби дайындау орталығы ИКАО TRAINAIR PLUS Gold бағдарламасының толыққанды қатысушысы мәртебесіне ие Қазақстан Республикасындағы жалғыз авиациялық оқу орталығы. Бүгінде КДО басшылығы өз алдына ИКАО TRAINAIR PLUS Platinum мәртебесіне қол жеткізу және Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия мен ТМД-ның авиация секторындағы жетекші оқу орталығына айналу міндетін қойып отыр

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.