Ақтөбеде Жарық ауданы мерзімінен бұрын газ және электр желісімен қамтамасыз етілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша еріктілерінің белсенді әрекеттері нәтижесінде Мұғалжар ауданының «Жарық» ауылы газ және электр желісімен қамтамасыз етілді.
Шарт талаптарына сәйкес, ауылды газ және электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарланған болатын. Алайда, жергілікті тұрғындар ЖАО-ның жұмыс кестесінің ауа-райының қолайсыздығына сәйкес келмейтініне бірнеше рет наразылық білдірді. Атап өтейік, газды жеткізу жұмыстары 2022 жылы басталған.
Бұл мәселеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер назар аударды. Осыдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мердігермен келіссөздер жүргізіп, тиісті ұсынымдар енгізді, нәтижесінде процестің жеделдеуіне ықпал етті.
Нәтижесінде бүгінгі күні ауыл газ және электр желісімен қамтамасыз етілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау мақсатында тұрақты негізде қоғамдық бақылау жүргізеді.
[xfvalue_img]