Елордалық ANTIKOR ORTALYGY алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша сарапшылар пулымен онлайн-кездесу өтті
«Antikor Ortalyǵy» алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жөніндегі сарапшылар пулымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің спикері Нұр-сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов болды.
Кездесу барысында спикер комплаенс қызметінің міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберіндегі жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Комплаенс-қызметінің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, іскерлік этика кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер болып табылады» — деп атап өтті Бақытжан Ниязов.
Бүгінгі таңда елорда аумағында комплаенс қызметін енгізген 60-тан астам мекеме бар.
Бұдан басқа, жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің жұмыс істеуі мысалдары бар.
Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу жөніндегі міндет заңнамалық деңгейде енгізілген және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.
Кездесу соңында қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік берілді.
[xfvalue_img]