Көлік министрі Марат Қарабаев APM Terminals Poti бас директоры Кристиан Рёдермен кездесті

Көлік министрі Марат Қарабаев APM Terminals Poti бас директоры Кристиан Рёдермен кездесті

2024 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің ғимаратында Марат Қарабаев пен APM Terminals Poti бас директоры Кристиан Рёдер арасында кездесу өтті. 

Кездесудің басты тақырыбы жүк тасымалы көлемін арттыру және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясында көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері болды.

Министр 2024 жылдың 9 айында орта дәліз арқылы жүк тасымалы көлемі 70%-ға ұлғайып, 3,4 млн тоннаға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, 2024 жылдың 8 айында контейнерлік тасымал көлемі 34,6 мың ДФЭ-ге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (12,6 мың. ДФЭ) үш есе өскенін айтты. Қытайдан келетін контейнерлер транзиті 20 есе өсті.

«APM Terminals Poti | Poti Sea Port Corporation» корпорациясы Грузияның Поти қаласында орналасқан және Қара теңіз жағалауындағы маңызды көлік торабы болып табылады. Компанияның басты мақсаты – жеткізу/тасымалдау тізбегінің тиімділігін арттыру. 

Тараптар Қазақстан мен APM Terminals арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Транскаспий бағыты арқылы контейнерлік тасымалдың өсуін қамтамасыз етуге келісті.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив