СҚО-да милиция қызметкері Сейілхан Өмірсейітовті еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды
Ескерткіш тақта Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласындағы Даңқ аллеясын толықтырды, онда аты аңызға айналған учаскелік инспектор милиция аға лейтенанты Сейілхан Өмірсейітов дүниеге келген және көптеген жылдар бойы милицияда қызмет атқарған.
Аудан орталығы Сергеевка қ., Жеңіс көшесі, Даңқ аллеясы. 2021 жылдан бастап мұнда еңбек пен ғылымдағы зор жетістіктерінің арқасында тарихқа енген отыздан астам солтүстікқазақстандықтың есімдері тақтайшаларға жазылған.
Сейілхан Өмірсейітов 1926 жылы Социал колхозында дүниеге келген. Әскерде 6 жыл қызмет еткеннен кейін — 30 жыл ішкі істер органдарында қызмет атқарған, оның 26 жылдан астамы - жергілікті аудандық бөлімде учаскелік милиция инспекторы лауазымында. Осылайша, солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысы милиция қатарында 36 жылдан астам қызмет атқарды. Қызмет еткен жылдары ол үлкен беделге ие болды, қылмыспен күресу және құқық бұзушылықтың алдын алу ісіне зор үлес қосты. 1979 жылы солтүстікқазақстандық учаскелік инспектор Өмірсейітов жайлы мемлекет тұрғындары бүкілодақтық деңгейде білді: сол жылдың шілде айында "Советская милиция" ведомстволық журналында оның үлгілі қызметі туралы үлкен очерк жарияланды.
Еңбек сіңірген милиционер үш ұл тәрбиелеген, олардың екеуі: Бақыт пен Марат әке жолын қуған, қазір олар зейнеткерлер, отставкадағы полиция полковниктері. Ұлы Жанат - әскери ұшқыш, авиация полковнигі.
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Сейілхан Өмірсейітовтың балалары мен туыстары, Шал ақын ауданы мен облыстық полиция департаментінің басшылығы, жұртшылық және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Олардың қатарында Сейілхан Өмірсейітовпен жеке таныс болған Петропавл қаласы полиция басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов та бар.
"Милиционердің аты жазылған тақтаны орнату бастамасын туыстары көтерген. Оны жергілікті атқарушы органдар мен СҚО ПД ардагерлер кеңесі қолдады. СҚО бойынша ІІО және ҚР Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің активімен қажетті рәсімдер мен келісімдерді ресімдеу бойынша қажырлы жұмыстың едәуір бөлігі атқарылды; нәтижесінде қыркүйектің шуақты күнінде тақта белгілі жерде, ақсақалдар мен аудан тұрғындарының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Бұл іс-шараның тәрибелік мәні бар — тәжірибелі қызметкерлер мен жас полицейлер тарихты біледі және естерінде сақтайды, сондай-ақ жерлесінің ІІО-дағы мінсіз қызметінің үлгісімен шабыттанатын болады; халық пен мемлекеттің игілігі үшін құрметті қызмет атқара отырып, жаңа биіктерге қол жеткізеді", - деп атап өтті СҚО бойынша ІІО және ҚР Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]