Қостанай облысында 50 жыл жөндеу жұмыстарын көрмеген жолдар жөнделуде

Қостанай облысында 50 жыл жөндеу жұмыстарын көрмеген жолдар жөнделуде

Бұл — өңіраралық қатынасты қамтамасыз ететін жолдар. 

Қостанай облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру аясында 30 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың соңына дейін облыста республикалық маңызы бар 516 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев «Мамлютка – Қостанай» тас жолының орташа жөндеу жұмыстары барысын тексерді. Осылайша, облыс орталығы Ұзынкөлден Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 70 шақырымды құрайтын жол учаскесі 40 жылдан астам жөндеу көрмеген. Жұмысқа екі мердігер ұйым тартылды. 

Мамандар биылғы жылы негізгі жұмыс түрлерін аяқтайды. Жол екі облысты Қостанай және СҚО байланыстырады. 

Ұзындығы 27 шақырым болатын Жітіқара-Чайковский жолына 50 жылдай асфальт төселмеген. Жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мамандар оның барлық ұзындығына асфальт төсеуде. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жол Ресей Федерациясына шығуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Жезқазған-Петропавл жолын жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жұмыс 87 шақырымды қамтыды. Бұл жол еліміздің оңтүстігінен Арқалық қаласы арқылы Қостанай мен Петропавлға көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, учаскеде 53 дана көлемінде су өткізгіш құбырларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Министр жұмыс барысымен танысып, орындалатын жөндеу іс-шараларының мерзімдері мен жоғары сапасының сақталуына назар аударды.

Белгілі бір нысандарда жұмыстар аяқталуға жақын. Мәселен, Қостанай облысында орташа жөндеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы жылдың маусым айында Глазуновка және Лаврентьевка ауылдарының арасындағы ұзындығы 27 шақырымды құрайтын "Қостанай – Әулиекөл – Сурған" автожолының учаскесі пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, «Денисовка – Комаровка» тас жолының Тавриченко ауылынан Аршалы ауылына дейінгі 30 шақырымдық бөлігін жөндеу жұмыстары аяқталуда. Нысан осы аптада пайдалануға беріледі.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.