Астанада 7 автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылды

Астанада 7 автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылды

Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі — рұқсат етілген массаны бұза отырып, ауыр көліктердің өтуі.

Мәселен, Астанада 6300-ге жуық самосвал тіркелген. Олар қала маңындағы 29 карьерден инертті жүктерді тасымалдайды.

Жолдардың бұзылуын алдын алып, бақылау барысында адами факторды болдырмау мақсатымен автоматтандырылған өлшеу станциялары Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары мен Қараөткел және Малотимофеевка кенттері жағынан қалаға кіреберіс жолдарда орнатылды.

Автоматтандырылған өлшеу станциялары қыркүйек айында іске қосылады. Қалаға кіретін барлық жүк көлігі адамның қатысуынсыз автоматты түрде өлшенетін болады.

Заң жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын автомобильдерді өлшеу станциялары арқылы өтуге міндеттейді, ал айналма жол арқылы жүріп өту немесе өлшеуден бас тарту сәйкесінше тіркеліп отырады. Бұл ретте Заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Өлшеу жұмыстары көлік құралдарының қозғалысы кезінде жүзеге асырылады.

Министрлік аталған шараларды жүзеге асыру арқылы автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын бұзылуы мен тозуын болдырмау, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысын сапалы бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мәселелерін шешуге ниетті.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив