СҚО-да 7 айда полицейлер өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық «синтетика» тәркіледі
«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» шеңберінде полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдерде есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру акцияларын өткізуде.
Шал ақын ауданында тәртіп сақшылары «Кұлеке Батыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында жас спортшылармен кездесті. Балаларға тыйым салынған заттарды қолданудың орны толмас зияны туралы айтып, есірткі айналымына байланысты кез келген ақпаратты ата-аналарына немесе полицейлерге «102» телефоны арқылы хабарлау керектігін еске салды. Кездесу соңында барлығына кітапшалар мен жадынамалар таратылды.
Жыл басынан бері ауданда өсімдік тектес есірткіні жеке тұтыну мақсатында сақтаудың үш ғана фактісі тіркелген. Дегенмен, тәртіп сақшылары тұрғындар арасында жүйелі түрде алдын алу іс-шараларын жүргізіп, әлдеқайда зиянды әсер ететін синтетикалық есірткілердің таралу қаупі туралы хабардар етеді.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жұмысында негізгі назар синтетикалық есірткіге қарсы күреске аударылады. Жыл басынан бері облыста 5 кг 611 грамм синтетикалық есірткілер тәркіленген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 5 есе көп.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]