Есірткі қылмысының алдын алу
Өскемен қаласының жастарына есірткіге және нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында полицейлер алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Өскемен қаласының полиция басқармасының Тергеу бөлімінің қызметкерлері "Қазақстан-Американдыұ Еркін университетінің" студенттеріне семинар өткізді. Іс-шараға "Құқықтану", "Құқық және кеден қызметі", "Құқық және құқық қорғау қызметі", "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары қатысты.
Кездесу барысында түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік және есірткі заттарын пайдаланудан жастардың денсаулығы үшін жағымсыз салдарлар мәселелері қаралды. Семинар соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға білікті жауаптар алды. Өскемен қаласының полицейлері осындай алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.
Өскемен қаласының полиция басқармасы Есірткі және психотроптық заттарды қолдану денсаулыққа орны толмас зиян келтіретінін, ал оларды заңсыз өндіру, сақтау және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді..
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары есірткі заттарын дайындау және өткізу орындары туралы, сондай-ақ оларды таратумен айналысатын адамдар туралы ақпаратты "102"телефоны арқылы хабарлауға болатынын еске салады.
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]