СҚО-да полицейлер оқу орындарының техникалық нығаюын ұйымдастыру жұмыстарын күшейтті

СҚО-да полицейлер оқу орындарының техникалық нығаюын ұйымдастыру жұмыстарын күшейтті

Мұғалімдер, балалар және олардың ата-аналары жаңа оқу жылының басталуына белсенді дайындалуда. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция қызметкерлеріне жүктелген. СҚО полиция департаментінде білім басқармасының басшылығымен және басқа да мүдделі органдармен жұмыс кездесуі барысында оқу орындарының техникалық нығаюы, жол инфрақұрылымы және кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтылды.

СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құрманғали Исмағұлов жауапты қызметтерге мектептердегі заманауи техникалық құралдардың әлеуетін барынша пайдалануды тапсырды. Ол үшін барлық деректерге ие болу қажет және мүмкін болатын өзгерістер мен жаңартуларды жүзеге асыруға дайын болу керек. Сондай-ақ терроризмге қарсы жалпы қорғау және лицензияланған күзеттің болу мәселесі көтерілді. Жалпы білім беру мекемелерінің маңында жол инфрақұрылымына мониторинг жүргізу және бар кемшіліктерді тамыз айының соңына дейін жедел жоюды ұйымдастыру тапсырылды. 

Қалалық бейінді полиция бөлімшелерінің басшыларынан басқа жұмыс кездесуіне экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, күзет қызметін бақылау бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің және әкімшілік полицияның қызметкерлері қатысты. Бейнеконференцбайланыс режимінде диалогқа барлық аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы да қатысты.

Кәмелетке толмағандардың қорғалуы барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде облыстық ПД басшылығының ерекше бақылауында. Жалпы міндет-мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің оқу жылы бойы және демалыста жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Юрий Клыков

СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив