Алматыдағы рейдтік іс-шаралар: 71 автокөлік және 31,6 млн тг
«Алматы қаласында Алматы қаласының Полиция департаментімен және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп автокөлік құралдары үшін салық берешегін өндіріп алу мақсатында 2024 жылғы 22 шілдеден бастап «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде», – деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Жеке сот орындаушыларының қаулысы шыққан борышкерлердің автомобильдері «Сергек» камераларының көмегімен анықталады және берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қамалады.
Бүгінгі таңда көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 4,5 млрд. теңгені құрайды. Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыштың үлкен көлемі 4000 текше см-ден асатын көліктерге тиесілі.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде 71 көлік құралының иелері жалпы сомасы 31,6 млн. теңге төледі, 21 көлік құралы айыппұл тұрағына қамалды, оның ішінде Nissan Infinity, Mercedes Benz S 65, Cadillac Escalade және т.б.
Алматы қаласы бойынша МКД автокөлік иелерін айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды болдырмау үшін жақын арада салық берешегін өтеуге шақырады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
[xfvalue_img]