Елордалық полицейлер бірқатар алаяқтық жасаған әйелді ұстады
Полицияға екі астаналық азамат жүгініп, оларға қатысты жасалған алаяқтық туралы хабарлаған.
Такси жүргізушілерінің айтуынша, қаскүнем қоңырау шалуға телефондарын сұрап, содан кейін «Яндекс.Такси» қосымшасындағы жиналған жүргізуші бонустарын өзінің банктік шотына аударып алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған 28 жастағы әйелді анықтады.
Сонымен қатар, әйелдің басқа такси жүргізушісінен барсетканы ұрлағаны анықталды, оның ішінде жәбірленушінің құжаттары, сымсыз құлаққап, ақша және сағаты болған.
Ұрлық пен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір