Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшылық құрамның 44,5% әйелдер құрайды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшылық құрамның 44,5% әйелдер құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысын шығарды. Мемлекеттік аппараттың кадрлық жай күйіне жүргізілген мониторинг нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетіп отыр. 

Мемлекеттік қызметшілердің 29,3% - 35 жасқа дейінгі жастар. Мемлекеттік қызметшілердің 89,7% жоғары білімге, 16,7% екі не одан артық жоғары білімге ие. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте ғылым кандидаттары, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және шетелдік білім беру түлектері жұмыс істейді.

Гендерлік саясат сәтті жүзеге асырылуда - мемлекеттік қызметшілердің 1913 немесе 65,2% әйелдер. Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 434 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 44,5% құрайды.

Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесідей:

- облыс әкімінің орынбасарлары - 0,2%

- қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары - 2%

- аппарат басшылары және олардың орынбасарлары - 3,7%

- облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары - 3,2%

- құрылымдық бөлімшелердің басшылары - 35,9%

- ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары - 10,6%

- дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары - 24,4%

- сектор меңгерушілері - 19,8%

Қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі оң серпінге ие: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша тағайындалған қызметшілердің 78,9% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Мемлекеттік органның ішінде 68 мемлекеттік қызметші ауысу тәртібімен тағайындалды, олардың 45,6% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Бұдан басқа, қатарынан төрт тоқсан ішінде қызметті бағалаудың жақсы нәтижелерін көрсеткен 5 мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.

Сондай-ақ, соңғы 3 жылда мемлекеттік қызмет жүйесінен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 0,6% құрайды.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.