Антикор Ақтөбе-Қандыағаш жолының құрылысы бойынша «Қазавтожолдың» пассивті жұмысын сынға алды

Антикор Ақтөбе-Қандыағаш жолының құрылысы бойынша «Қазавтожолдың» пассивті жұмысын сынға алды

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың жұмысын сынға алды, оның ішінде Республикалық маңызы бар жолдарды салуға тартылған мердігер ұйымдардың тиімсіз жұмысын атап өтті.

Аталмыш сын Ақтөбе-Қандыағаш және Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын бағытындағы автомобиль жолдары туралы болды.

Облыстық Департаментпен жүргізілген мониторинг құрылыс қарқынын кешіктіретін және сапасыз жұмыстарға әкеп соқтыратын бірқатар шарттарды көрсетті.

БарлықбелгіленгенбұзушылықтарҚазақстанРеспубликасыСыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңАқтөбеоблысы бойынша департаменті, «ҚазАвтоЖол»ҰКАҚфилиалы басшылығының жәнеқұрылысбарысындатартылғанмердігерұйымдардыңқатысуымен өткен жұмыскеңесіндеайтылды.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиевтің айтуынша: «Біз осы нысандарға жеке барып, мердігер ұйымдардың да, тапсырыс берушінің де пассивті жұмысына куә болдық. Тапсырыс беруші тиісті бақылауды жүзеге асырмайды, жұмыстар мерзімдерін бұза отырып жүргізіледі. «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының учаскесінде учаскедегі төрт бригаданың тек біреуі ғана жұмыс істейді. Тиісті жұмыстар жоспарлы мониторингтер кезінде ғана жүзеге асырылады. Мысалы, мердігер ұйым осы уақытқа дейін Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын бағыты бойынша автожолды салуға кіріспеген. Бұл ретте құрылыс шарты ағымдағы жылдың ақпан айында жасалған, өйткені техникалық қадағалау белгіленбеген».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің пікірінше, мұндай жағдайлар құрылыс жұмыстарының құнын қайта қарау және құрылыс мерзімдерін ұлғайту мақсатында әдейі жасалады.

Жиында Қандыағаш қаласына дейінгі жолды қайта жаңарту жұмысын екі мердігер ұйым – «СинеМидасСтрой» ЖШС және АстанаДорСтрой 4 жыл бойы жүргізіп жатқаны, бұл ретте мониторингпен құрылыс жұмыстарының уақтылы аяқталмау тәуекелдері белгіленгені атап өтілді. Сондай-ақ, қалыптасқан жағдайға қарамастан, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолы стратегиялық учаскесін салу туралы шарт қайта «СинеМидасСтрой» ЖШС-мен жасалғандығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ға Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын бақылауды күшейту, сондай-ақ объектілерді уақтылы пайдалануға беру бойынша ұсынымдар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарын салу саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.