Антикор Ақтөбе жол саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талдау кезінде бірқатар жүйелі проблемаларды анықтады
Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында хабарланды.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерін талдау кезінде бірқатар жүйелі проблемаларды анықтаған.
Мысалы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары саласында жүргізілген мониторинг бойынша: әлеуметтік объектілерді су бұру желілеріне қосу үшін мүмкіндіктің жоқтығы, облыс орталығының маңындағы кезектегілерге инфрақұрылымсыз жер учаскелерін беру, жол төсемін сапасыз салу мен күтіп ұстау фактілері анықталды.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев өз баяндамасында атап өткендей, «Жолдардың сапасы ерекше шағым тудырады. Талдау көрсеткендей, осы бағытта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар мердігер ұйымдарға байланысты кейінге қалдырылуда. Бұған кепілдік мерзімі ішінде пайда болатын көптеген ақаулар дәлел бола алады».
Сондай-ақ, талдау нәтижелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында көптеген тәуекелдер анықталды: субсидиялар алу үшін адамдарды жалған жұмысқа орналастыру, шағын кәсіпкерлікті дамытуға гранттар беру кезінде тиімсіз саясат жүргізу, мүгедектігі бар адамдар үшін жалған ақы төлеуді жүзеге асыру, әрекетке қабілетсіз адамның мүлкіне қамқоршыны заңсыз анықтау фактілері.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жүргізуді бақылауды күшейту туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Есқали Саламатов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ облыстың 12 ауданының әкімдері бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.
[xfvalue_img]
21 пікір