Петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының ашық форматтағы отырысы және баспасөз конференциясы

Петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының ашық форматтағы отырысы және баспасөз конференциясы

Алматы қ. зауыттарды аралау аясында Жұмыс тобының ашық форматтағы отырысы өтті, одан кейін БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді. Бұл петицияны қарау процесінің ашықтығы мен айқындығын және топ мүшелерінің диалогқа дайындығын көрсетеді.

Баспасөз конференциясы барысында Жұмыс тобының зауыттарды аралауымен, сондай-ақ зауыт өкілдерінің өндірістік процестерді егжей-тегжейлі түсіндіруімен расталған Қазақстанда өндірістің бар болуы тақырыбы қозғалды. Сондай-ақ утиль алымы және бастапқы тіркеудің Қазақстан өнеркәсібі мен экономикасына әсері мәселелері көтерілді.

Жиын барысында автокөліктерді қайта өңдейтін зауыттардың бар-жоғы туралы сұрақ көтерілді. Жауап ретінде зауыттар бар, бірақ бірқатар сот процестеріне байланысты қызметтері уақытша тоқтатылғаны айтылды. Олар күзге қарай ашуды жоспарлап отыр.

Әрбір азаматқа көлікті утиль алымынсыз сатып алу мүмкіндігін беру туралы ұсыныс айтылды. Отандық автомобиль өнеркәсібінің өкілдері Қазақстанда шығарылған көліктеріне утиль алымы жоқ және жеңілдетілген бағдарламалар бойынша көлік сатып алуға болады деп жауап берді. Ал утиль алымы мен бастапқы тіркеу ескі көліктердің көбеюіне жол бермеу үшін шетелден әкелінген көліктерге қолданылады.

Келесі кезекте автокөлік сатып алу бағдарламалары бойынша тарифтер туралы сұрақ қойылды. Қазақстанда 4%-дық мөлшерлемемен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бар. Ол екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейді және қазақстандықтар айына орта есеппен 200-250 автокөлік сатып алады. Азаматтардың бастамасымен бағдарламаны халықтың әлеуметтік осал топтарына, атап айтқанда көп балалы отбасыларға қайта бағыттау туралы ұсыныс қарастырылуда.

Сондай-ақ Қазақстанда және шетелде құрастырылған дәл осындай үлгідегі көлікті сатып алудағы баға айырмашылығы тақырыбы да қозғалды. Біріншіден, бағаны салыстыру жиынтықтау мен техникалық талаптар негізінде жасалуы керек. Екіншіден, шетелдік автокөлікті сатып алып, бағаларды салыстыру кезінде бренд локализациясын және өндіріс көлемін ескерген жөн. Ал Қазақстанда халықаралық маркадағы көліктердің бағасы концерннің саясаты бойынша белгіленеді. Құнға техникалық стандарттарға сәйкестік және компоненттердің сапасы әсер етеді.

Одан бөлек, шетелден әкелінген ауыл шаруашылығы техникаларынан утиль алымын алып тастау туралы сұрақ қойылды. Дегенмен, ауыл-шаруашылық техникасының 80%-ға жуығы елде өндірілген және оның құнына утиль алымы кірмейді. 2023 жылы утиль алымы арқасында 8 000 бірлік қажетті ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды. Импортталған техникасы болса, утиль алымы алынбайтын қажетті көліктердің белгілі бір тізімі бар.

Петиция бастамашылары мен белсенділері зауыттарды аралау жөніндегі Жұмыс тобының кездесуіне келмей, журналистер мен зауыт жұмысшыларының сұрақтары болғанына қарамастан баспасөз конференциясына қатыспағанын еске саламыз.

Сонымен қатар, Жұмыс тобы кестеге сәйкес 21 маусымда қатысушылары Семей қ. баратынын атап өтті.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.