Еуропалық комиссия мен Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасын іске қосты

Еуропалық комиссия мен Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасын іске қосты

Жаңа платформа Транскаспий көлік маршрутын Еуропаны Азиямен 15 күн немесе одан аз уақыт ішінде байланыстыратын мультимодальды және бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыру мақсатында жұмыс істейді

Іс-шара Орталық Азия елдерінің және дәліз бойында орналасқан басқа елдердің, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен Еуроодақ құрамына кірмейтін G7 елдерінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаевтың айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік байланыстарын күшейту өңірлердің экономикалық өсуі мен өркендеуі барысында маңызды рөл атқарады.

«Үйлестіру платформасының құрылуы бізге ортақ мақсаттарға жету үшін күшімізді біріктіруге, тәжірибе мен пікір алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа Әзербайжан, Армения, Грузия, сондай-ақ Түркиядан келген әріптестеріміз шақырылғанын атап өткім келеді. Бұл өз кезегінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ірі және тұрақты мақсаттарды іске асыру аясында маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті ведомство басшысы. Көлік саласына жауапты министр қатысушы елдер мен ұйымдардың өкілдеріне бірегей алаң құруға қатысып, қызығушылық танытқандары үшін әрі Еуропалық Одаққа көрсетілген қолдау мен Орталық Азия елдерін дамытуға бағытталған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сөз кезегінде Халықаралық серіктестік жөніндегі бас директораттың бірінші дәрежелі кеңесшісі Хенрик Хололей:

«Транскаспий халықаралық көлік маршруты үшін құрылған үйлестіру платформасы Орталық Азия мен Еуропаның арасын жақындатуға бағытталған ынтымақтастығымыз барысында алға жасалған елеулі қадам. Тұрақты көлік байланысы аймақтың экономикалық өсуін және оның Еуропамен байланысын нығайту үшін өте маңызды. Біз серіктестерімізге даму және қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына қол жеткізуде қолдау көрсетуге ниеттіміз», – деді.

Еуропалық ұтқырлық және көлік комиссиясы Бас директорының орынбасары Майя Бакран: «Үйлестіру платформасы Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны байланыстыратын мультимодальды және заманауи бағытқа айналдыруға ықпал етеді. Әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестіру әрекеттері аймақтың тұрақты экономикалық дамуына үлес қосады», деп өз ойын ортаға салды.

Тұтастай алғанда, платформа аталған дәліздің жұмысын ілгерілетуге және Орталық Азиядағы инфрақұрылым саласындағы басым жобаларды іске асыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге ықпал ететін болады. Ол сондай-ақ теміржол, жол және порт инфрақұрылымына инвестицияларды ынталандырады және үйлестіреді.

Айта кетерлігі, Еуроодақ ұзақ уақыт бойы өңірдің сенімді серіктесі болып табылады, сәйкесінше инфрақұрылымды жақсартуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға, тұрақты дамуды ілгерілетуге ықпал етеді. Жаңадан құрылған платформа шеңберінде бірлескен жұмыс тек көлік инфрақұрылымын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық байланыстарды айтарлықтай нығайтуға, көлік дәліздерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ көлік секторында инновациялар мен озық технологияларды енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.