ҚАЗАҚСТАН МЕН ПОЛЬША ЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕДІ
Қазақстан мен Польшаның ғылыми Жол институттары екі меморандумға қол қойды. Демек екі ел жол саласын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды бірлесе жүргізіп, сала мамандарын даярлайды.
Қазақстандық жолшылар жұмыс сапарымен Польшаның Варшава мен Краков қалаларына барды. Делегация құрамына Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) мен Қазақстан Республикасындағы PIARC Ұлттық комитетінің өкілдері кірді. Кездесу жолдар мен көпірлерді зерттеу институтында (IBDIM) өтті.
Польшадағы автомобиль жолдары мен көпірлерді ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті жол конгресінің президенті Збигнев Котлярекпен және техникалық директор Александру Скорупскумен кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқыланды.
Кездесу ғылыми жобаларды жүзеге асыру және нормативтік базаны реформалау саласындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды. Жолдарды салу әрі күтіп ұстаудағы инновациялық технологияларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен бірге Краков технологиялық университетінің ректоры және профессор Анджей Шарамен меморандумға қол қойылды.
Бұл келісім заман талабына сай күрделі инженерлік және технологиялық міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Ол ғылыми қызметкерлерді тағылымдамадан өткізудің жалпы бағдарламаларын және автомобиль жолдарын салу, пайдалану және күтіп ұстау саласында тәжірибе алмасуды көздейді.
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі
[xfvalue_img]