Қазақстанда ұшқыштарды даярлайтын дайындық мектебін ашу бойынша алғашқы келісімдерге қол жеткізілді
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Литва Республикасына жұмыс сапары аясында "Avia Solutions Group" өкілі Вигаудас Ушацкаспен кездесті.
"Avia Solutions Group" экипажды даярлау және техникалық персоналды оқыту саласындағы кешенді шешімдерді ұсынатын халықаралық компания. Министр BAA Training оқу орталығына барып, ұшқыш мамандығын игеріп жүрген азаматтық авиация академиясының студенттерімен кездесті.
Кездесу аясында Академия базасында EASA PART FCL сертификатын бірлесе алу кезеңдері талқыланды. Бұл болашақта Қазақстанда еуропалық стандарттарға сәйкес ұшқыштарды даярлауға мүмкіндік береді. Мұндай қадам еліміз бен Орталық Азиядағы білікті кадрлар санын едәуір арттыруға септігін тигізбек.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]