Олжас Сапарбеков Германия экономикасы шығыс комитетінің делегациясын қабылдады
2024 жылғы 16 мамырда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Германия экономикасы шығыс комитетінің басқарма төрағасы «CLAAS Group» компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы - Катрина Клаас-Мюльхойзер ханым бастаған неміс делегациясын қабылдады.
Вице-министр Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау үшін маңызды алаң - Берлин Еуразиялық Клубының (40-шы) мерейтойлық отырысының аяқталуымен құттықтады.
Кездесу барысында сауда қатынастары талқыланды. Өткен жылы неміс тікелей инвестицияларының көлемі 770 млн. АҚШ долл. құрап 64%-ға өскен. Екі елдің өнеркәсіптік тауарлар бойынша тауар айналымы 31%-ға ұлғайып, 3,3 млрд. АҚШ.долл. құраған. Оның ішінде, өнеркәсіп тауарларының экспорты 300 млн.АҚШ доллары (бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23% - ға аз), ал импорт 3 млрд. АҚШ долларын құрады (2022 жылмен салыстырғанда 41% - ға көп).
«Сауданың негізгі тауарлары ферроқорытпалар, феррохромдар, фосфор, дәрілік заттар, автомобильдер, ұшу аппараттары және басқалар болып табылады. Сондай-ақ, энергия тиімділігі саласында 10 жылдан астам уақыт бойы Германия Қазақстанға энергия үнемдеу саясатын іске асыруда қолдау көрсетіп келеді, оны біз терең бағалаймыз », - деді Олжас Сапарбеков.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында маңызды шикізат мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
17 пікір