Петропавлдың су басқан шағын ауданында полицейлер үрлемелі қайықпен жүрген екі адамды тоқтатты
видео: https://www.youtube.com/shorts/qM6AKQSVVMg
Петропавлдағы су басқан Ойқала шағын ауданын полиция қызметкерлері тәулік бойы патрульдеуде. Сақшылар құрғақ көшелерде ғана емес, моторлы қайыққа мініп су басқан аумақта да құқықтық тәртіпті толығымен қадағалауда. Полиция қызметкерлері эвакуацияланған тұрғындардың мүліктерін күзетіп қана қоймай, мүмкіндігінше үй жануарларын да шығарып жатыр.
15 сәуір күні кешке таман аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері 38 және 27 жастағы екі ер адамды байқап қалды. Олар Герцен көшесіндегі үйлердің бірінің шатырына резеңке қайықпен келген. Полицейлер ер адамдардың жеке басын анықтау үшін оларды Потанин көшесіндегі өткізу бекетіне жеткізді. Анықталғандай, олардың біреуі – үйдің иесі, ал жанындағы – туысы екен. Айтуларынша, үйде қалған заттарын, мүліктерін тексеруге келген.
«Қала тұрғындарымен профилактикалық сипатта әңгімелесу жүргізілді, - дейді Петропавл қ. полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. – Терең су жатқан аумақта жүруге тыйым салынған. Қазіргі уақытта азаматтардың қалдырған мүліктерін полиция қызметкерлері күзетке алды. Тонаудан қорғауда. Олардың қызметіне кедергі жасамаңыздар. Үрлемелі қайықпен жүру өте қауіпті екенін еске саламыз. Су астында ағаштардың бұтақтары, темір қоршаулар немесе қайықты зақымдайтын басқа затттар болуы мүмкін».
Қажет болған жағдайда азаматтар су басқан үйлеріне бара алады. Тек төтенше жағдай жөніндегі штабтың рұқсатымен және құтқарушылармен бірге ғана өтуге болады.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]