Полицейлер су басқан жерлерде Петропавлда бір отбасыға және аудандағы ауыл мектебіне көмектесті
Петропавлда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер 2-ші Сенная көшесіндегі үйде тұрып жатқан екі балалы отбасының жанайқайы көрсетілген бейнежазбаны байқады. Төмен орналасқан үйге еріген қар суы кіріп кеткен. Бұл жерде мотопомпа өте қажет болды. Бірақ бұл уақытта қаланың 19 және 20 шағын аудандарындағы үйлерге де су кіріп жатты. Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин мен Екінші полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қайрат Нағыметов бастаған тәртіп сақшылары оқиға орнына аттанды. Олар жан-жақтан жырақа жырып, келіп жатқан судың қарқынын азайтты. Көп ұзамай мотопомпа да көмеккке келді.
Ал, Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылында полиция қызметкерлері мектепті толығымен баса жаздаған судың арнасын бұрып жіберді. Алқаптардан келген су ғимаратқа ішінара кірген. Бидайық ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, аудандық полиция қызметкерлері, ұстаздар, «Бидайық» кеден бекетінің шекарашылары мен ауыл азаматтары бірден сумен күресе кеткен. Әкімдік пен шекарашылар ұсынған екі помпаның күшімен үш сағат ішінде бүкіл су сорылып, күректермен жырақа жырылып, қарғын су ауылды айналып кетті.
Облыстың барлық аудандарында адамдарға тез арада көмекке келу үшін полицейлер тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]